қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.05.2025

География және экология кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді


2025 жылы 28 мамырда, сағат 15:30-дa «8D01515 - География» білім беру бағдарламасының PhD докторанты Мусахан Рыскүл Мырзаханқызының «Гидрологиялық оқу практикасын өткізу барысында білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы география және экология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген отырысы офлайн және онлайн форматта өтеді.

Докторлық диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау тілі - қазақша.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Боранкулова Дина Мелсовна - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, география ғылымдарының кандидаты, география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы (Алматы қ., Қазақстан);

Bülent Aksoy - доктор, профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия).


РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Сағымбай Өкетай Жапарқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты, (Алматы қ., Қазақстан).

Карбаева Шолпан Шайкеновна - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор (Алматы қ., Қазақстан);

Қасенов Солтанбек Қапасұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Алматы қ., Қазақстан).


ZOOM: https://zoom.us/j/97179805821?pwd=8bwRnqu1oh4oRmplfxg76YEZskKru0.1

ID: 971 7980 5821

Кіру коды: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30. Жаратылыстану және география факультеті (6-қабат, 604-аудитория).