
Главная /
Объявления
11.12.2025 А.Б. Дуйсебаеваның докторлық диссертациясы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады
2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010900 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Дуйсебаева Акмарал Балтабаевнаның «Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің математикалық дайындығын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі офлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ: Әбілқасымова Алма Есімбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі. Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры. Смирнов Владимир Алексеевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті «Элементар математика және сандар теориясы» кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қаласы, Ресей.
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Жансеитова Ляззат Жексенбековна - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 6D010900 - Математика). Жунусова Жанат Хафизовна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 01.01.02).
ZOOM https://zoom.us/j/98653194182?pwd=HIH3atCf2zTCqt4tRPfgkiHJTM4Voz.1 Конференция идентификаторы: 986 5319 4182 Код: 12345
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).
|