қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.04.2020

Білім беру саласы стратегиялық жаңғыруларды бастан өткеріп отыр

 


 

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласы жүйесі стратегиялық жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. ХХІ ғасырдың талабына сай жан жақты, зерделі, дарынды түлғаны қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіру міндеті туындап, жаңа талаптар қойылды. Осыған орай жоғары оқу орындарының алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін маман қалыптастыру.

 

Осы орайда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Такир Балықбаевтың басшылығымен еліміздегі жоғары оқу орындарының әрі қара шаңырағы, әрі әдістемелік базасы болып табылатын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандарды даярлауда тың өзгерістер мен жаңалықтар қарқынды жүріп жатыр.

 

Сондай маңызды қадамдардың бірі - университте профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеруге ерекше көңіл бөлу. Мысалы, 2018-2019 оқу жылында 159 оқытушы республикалық «Өрлеу» ұлттық біліктілікті жетілдіру орталығында курстардан өтсе, университет базасында ашылған «Қысқы және жазғы» мектептерде 200-ге жуық оқытушы білімін жетілдірді. Себебі болашақ педагогтарды даярлаумен айналысатын профессор-оқытушылар жан-жақты ізденіп, біліктіліктерін жоғары деңгейге көтермесе өз шәкірттеріне сапалы білім бере алмайтыны айдан анық.

 

«Университеттегі тағы бір маңызды бастама - дуальды оқыту бағдарламасы. Бұрын бізде бітіруші курс студенттері оқу бағдарламасында көрсетілгендей, 2 апталық немесе екі айлық педагогикалық тәжірибеден, жаңа дуальды оқыту бағдарламасына сәйкес студенттеріміз жыл бойы мектеппен тығыз байланыста бола отырып, оқиды. Яғни аптаның дүйсенбі, сенбі күндері университетте дәріс тыңдаса, сейсенбі мен жұма аралығында, яғни жыл бойы мектепте болады.

 

Қазіргі кезінде біздің университет те қашықтықтықтан оқытуға көшті. Осындай кезде университетіміздің профессор оқытушылар құрамы тыңбай еңбек етуде. Студенттерге қашықтан білім беріп және қашықтан білім беру машықтарын жетілдіріп, халықаралық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған вебинарларға қатысып және өздері де жоғары деңгейде ұйымдастыруда.

 

Жаратылыстану және география институтында география ғылымының докторы, профессор Күләш Қаймулдинова басшылық етіп отырған жаратылыстану және география институтында бірнеше халықаралық, республикалық деңгейде вебинарлар ұйымдастырылуда», дейді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жаратылыстану және география институты директорының оқу істер жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Ләззат Демеуова.

 

Осы орайда, жаратылыстану және география институты жаңартылған білім мазмұны аясында жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша болашақ мамандырды даярлау мәселесі жайлы басқа жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерді ортаға салып, онлайн режимінде вебинар өткізілді.

 

Бұл вебинарға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының жетекші ғылыми қызметкері Шолпан Шуиншина «Мектеп - жоғары оқу орындары жүйесінде білім беру мазмұнының сабақтастығы» атты баяндама жасап, мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы білім беру мазмұнының жалғастығы туралы келелі пікірін ортаға салды.

 

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалар жөніндегі аға менеджер Руслан Қаратабанов «Қазақстандағы жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында өзінің география пәнін оқытудағы жаңартылған білім мазмұны негізінде география пәнінен білім бағдарламаларын жасағандағы тәжірибесімен бөлісті.

 

Университеттің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығының доценті, педагогика ғылымының кандидаты Амангүл Орақова «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңартудағы «педагогикалық дизаин» идеялары атты мақаласында жаңартылған білім беру мазмұнындағы тың идеяларға тоқталды.

 

Алматы қаласындағы №178 лицейдің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі Қайратбек Шадиев «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби дамуындағы лицей қызметінің ролі» атты баяндамасында жаңартылған білім мазмұны лицейде қалай іс жүзінде жүзеге асып жатқанына тоқталды.

 

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ педагогтарды дайындау (Жаратылыстану және география институты мысалында) атты баяндамасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жаратылыстану және география институты директорының оқу істер жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты Ләззат Демеуова инситуттағы жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ ұстаздарды даярлаудағы жетістіктері жайлы, сонымен бірге институттың тәжірибелі оқытушылары Қалампыр Жұмағұлова, Рима Ізбасарова, Шолпан Кәрібаева, Назым Бекенова, Жазира Мұқатаева, Жанна Тлекова, Нұрлан Манапов, Мұрат Жақсыбаев және жаңартылған оқулық авторлары Күләш Қаймулдинова, Салтанат Әбілмәжіновалардың еңбектеріне тоқталды.

 

Авторы: Айнаш Есалы

18.04.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz