қазақша · русский · english
 
 
 
 Абаева Ғалия Әскербекқызы
Педагогика және психология факультеті деканы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Төле би көшесі, 31
 +7 7272918409
pip103@mail.ru

 Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы
Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты
Төле би көшесі, 31, 2 кабинет
 8-701-378-66-12
aktoty_72@mail.ru

 Құрманғали Елмұрат Қуатұлы
Деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Магистр
Төле би, 31
  +7 771 451 77 33

 

 

 

Миссия - Ұлттық мұра мен әлемдік білім беру трендтері негізінде цифрлық дәуірдің педагогтары мен психологтарын даярлаудың жетекші инновациялық орталығы. 


Пайымдау-2025 - Қазақстан Республикасында педагогикалық білім берудің драйвері, жаңа формациядағы педагогтардың шеберханасы.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика- психология факультеты 1999 жылы құрылған - еліміздегі педагог-психологтарды, білім беру жүйесіндегі психологтарды, бастауыш сынып мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін, дефектологтарды және әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдерін дайындайтын бірден-бір іргелі білім ошағы. Барлығы да қажетті, бүгінгі заман талабына жауап бере алатындай мамандарды даярлау бір мақсатқа жетуге бағытталған: ол - еліміздің білімді, білікті, салауатты, бәсекеге қабілетті жастарын оқытып тәрбиелеу.

 

Факультет құрамындағы 6 кафедрада  қазіргі таңда  еңбек нарығында сұранысқа  ие педагогика ғылымының бакалавры, магистратура және PhD доктарантура мамандардын  дайындайды.

 

КАФЕДРАЛАР

·      Мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасы

·      Бастауыш білім беру кафедрасы

·      Педагогика және психология кафедрасы

·      Арнайы педагогика кафедрасы

·      Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

·      Педагогика кафедрасы

 

 

БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

Кадрлар даярлау білім берудің үш деңгейі (бакалавриат, магистратура және докторантура) білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:


БАКАЛАВРИАТ

В001

Педагогика и психология

В002

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

В003

Пәндік мамандандырылған мұғалімдерді дайындау

(Бастауыш білім беру:Бизнес инновациямен,ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен,көптілділікпен және ағылшын тілінде)

В019

Әлеуметтік педагогика

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау (сурдопедагогика,логопедия,олиграфенпедагогика,тифлопедагогтар даярлау

B041

Психология (Практикалық психологты дайындау)

МАГИСТРАТУРА

М001

Педагогика және психология (педагогикалық өлшемдер (бірлескен), білім берудегі Менеджмент (бірлескен))

М002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы)

М003

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (пәндік мамандандырусыз педагогтарды даярлау, бастауыш білім)

М021

Арнайы педагогика (Арнайы педагогика мамандарын даярлау: Сурдопедагогика, Логопедия, инклюзивті білім беру, аутистік спектрі бұзылған балаларды қолдау)

М066

Психология (Психологиялық диагностика және қабілеттердің дамуы, психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы, Психолог-кәсіби бағдар беруші)

ДОКТОРАНТУРА

D001

Педагогика және психология

D002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы)

D003

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (пәндік мамандандырусыз педагогтарды даярлау)

D021

Арнайы педагогика (арнайы педагогика мамандарын даярлау:Арнайы педагогика және арнайы психология)

D031

Психология (Психология, клиникалық және әлеуметтік психология)

 

Факультетте білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне байланысты, мемлекеттік стандарттарды жасау арқылы халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған  тұрақты жұмыстар жасалынуда.

 

Факультеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьтерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етіліп, оқу процесін және ғылыми зерттеу қызметтерін жүргізу барысында жас ғалымдардың жан-жақты шығармашылық бағытта өсулеріне мүмкіндік береді. Факультет орналасқан ғимаратта мамандық бағыттарына қарай жабдықталған дәрісханалар, оқу аудиторияларымен бірге интернет желісіне қосылған 2 компьютер класы, 40 орындық кітапханалық оқу залы бар. Оқу залында 2000-нан астам кітап қоры және әр түрлі мерзімдік басылымдар мен ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары жинақталған.Факультет ұжымының негізгі көрсететін қызметтері мен жұмыстары жоғары білікті, шығармашылық жетістіктері мол, қабілетті және болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандарды даярлап шығаруға бағытталған. Барлық кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы  мамандықтардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік стандарттарды, типтік және жұмыс бағдарламаларын, оқу жоспарларын  жетілдіруге қатысып, соның негізін жасап жүрген Республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздар.Сонымен бірге жаңа жүйеде білім беру мен жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, оқу үдерісіне енгізіп отыруды басшылыққа алып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, кешендер мен силлабустар жасауда.

      

Сондай-ақ оқу жылдарында әр сессияның қорытындысы бойынша факультеттің ақылы бөлімінің жақсы оқитын студенттері мемлекеттік гранттан босаған орындарға жарияланған конкурсқа қатысуға мүмкіндік алып, үздік шыққан студенттер мемлекеттік гранттың иегері бола алады.

 

Университет басшылығы студенттердің денсаулықтарын түзеуге, мүмкіндігі шектеулі жастардың білім алуына, отбасы жағдайы төмен студенттерге үнемі қамқорлық жасап отырады. Жылда факультеттегі күндізгі бөлімде оқитын 400-ден астам студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сондай ақ университет ректорының бұйрығымен тұрақты түрде  ақылы оқитын студенттердің   денсаулықтарына, отбасы жағдайларына байланысты ректордың гранты тағайындалып, көптеген студенттердің оқу төлемақыларына жылда жеңілдіктер жасалады. 

 

Факультетте халықаралық байланыстарды нығайтуға үлкен жұмыстар атқарылып отырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі. Көптеген студенттеріміздің ғылыми жұмыстары гранттарға ие  болып, конкурстардың лауреаттары атанды. ППФ студенттері Республика жоғары оқу орындары арасындағы сәйкес мамандықтар бойынша олимпиадаларда соңғы жылдары қатарынан бас жүлделелерді жеңіп алып жүр.

Факультетте төмендегідей мамандықтар бойынша бакалавр, магистратура және PhD доктарантура мамандарын даярлайды:

 

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

·      Сабақтастықтың жоғары дәрежесі бар жаңа буынға арналған өзекті білім беру бағдарламалары

·      Зерттеу университетіне қарай трансформация

·      Интернационалдандыру

·      Әлеуметтік жауапкершілік және студенттік өзін-өзі басқару

·      Білім беру ұйымдарымен және әлеуметтік институттармен  ынтымақтасу

·      Цифрлық білім беру ортасы

·      Friendly campus

 

Халықаралық рейтинг бойынша (the Academic Ranking of World Universities, ARWU

·      ТОП-50

·      ТОП-100 

·      Қазақстанда ТОП 1

 

Жоғары сапалы мамандар даярлау және студенттерді педагогикалық еңбектің жақсы үлгілеріне қатыстыру мақсатында факультет қаланың білім беру мекемелерімен (мектеп, гимназия, лицей, балабақша, колледж) шығармашылық байланыстарды жалғастырып, жетілдіруде.

     

Факультетте студенттердің жан-жақты дамуына, мәдени және рухани әлеуетін арттыруға бағытталған тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. Бұл бағыттағы іс-шаралар деканат пен тәлімгерлік кеңестің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Студенттер М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының қойылымдарына тұрақты түрде барып, көркем өнерден тағылым алады. Сонымен қатар, Қазақконцерт және Жамбыл атындағы филармонияда ұйымдастырылатын концерттерге, Қастеев атындағы өнер мұражайы мен Мемлекеттік тарихи мұражайға, сондай-ақ Ұлттық кітапханаға саяхат жасау дәстүрге айналған.

Факультетте тәрбие жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында бірнеше студенттік ұйымдар белсенді қызмет атқарады. Атап айтқанда, "Тыныс" студенттік деканаты, студенттерге психологиялық қолдау көрсету кабинеті, «Мейірім» қайырымдылық клубы, «Лидер» пікір-сайыс клубы және «Diamond» қыздар би клубы жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Университет басшылығы студенттердің денсаулығын сақтау, мүмкіндігі шектеулі жастарға тең білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударады.

Факультет студенттері студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына, жастар клубтарына, спорт секцияларына және көркем өнерпаздар үйірмелеріне белсенді түрде қатысады. Олардың рухани дамуына және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына толық жағдай жасалған.

 

Жыл сайын факультетке күндізгі және сырттай бөлімдер бойынша оқуға ниет білдіруші талапкерлердің саны артып келеді. Бұл – факультетте қалыптасқан сапалы білім беру, тәрбие беру жүйесінің тиімділігін көрсетеді.