қазақша · русский · english
 
 
 
 Колумбаева Шолпан Жаксыбайқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
Қазыбек би көшесі, 30
 8-708-654-78-35
kolumb_09@mail.ru

 

Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің тарихы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық даму өзгерістерімен тығыз байланысты.

 

1976 жылы педагогика кафедрасының жанынан «Педагогикалық ЖОО оқу-тәрбие үдерістің ғылыми негіздері» зертханасы ашылып, Абай атындағы ҚазПИ мұғалімдерді дайындаумен қатар ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша басты жоғары оқу орны болды. Қазақстандық зерттеушілер «Мұғалім» жалпыодақтық бағдарламасы бағытына енді.

 

Кафедрада жоғары мектеп мәселелері, этнопедагогика және педагогика тарихы мәселелері бойынша зертханалар және педагогиканың өзекті мәселелері бойынша әдіснамалық семинар жұмыс істеді.

 

Алматы қаласы мектептерінде ғылыми-әдістемелік кешендері (НУМК) ашылды: жоғары мектеп проблемалары бойынша, жалпы білім беретін орта мектеп, идеялық-адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша.

 

1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ), педагогика кафедрасының базасында республика бойынша мамандандырылған кеңес Д 14.05.01 ғылым докторы дәрежесін қорғау 13.00.01 - педагогика теориясы мен тарихы, этнопедагогика педагогикалық ғылымдар мамандығы бойынша қорғау кеңесі ашылды.

 

Аталған диссертациялық кеңестің тарихи маңыздылығы ерекше. Тәуелсіз Қазақстанда аталған кеңесте алғаш рет Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика ғылымдарының докторлары, ғылыми жетекшілер мен ғылыми кеңесші ғалымдардың саны артты.

 

«Кәсіптік білім беруді реформалаудың әдіснамасы мен теориясы және болашақ маманның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы» атты халықаралық ғылыми-зерттеу жобасының іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша кафедра ғалымдарының қатысуымен «Үздіксіз педагогикалық білім беру», «Жоғары педагогикалық білім беру» Тұжырымдамалары дайындалды. Тұжырымдаманың басты мақсаты жаңа формацияның мұғалімін: рухани - адамгершілікті, жауапкершіл, белсенді жасампаз, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті, шығармашыл тұлғаны дайындау.

 

Тұжырымдамада жоғары педагогикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттері, жаңа формация мұғалімдеріне кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар, мұғалімнің кәсіби дайындығына қойылатын құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды, яғни, педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі, кәсіби міндеттерді жаңа деңгейде шешуге қабілетті, соның ішінде, 12 жылдық орта білім беру жағдайына оқытушы кадрларды дайындау анықталды.

 

Профессор-оқытушылар тұжырымдамаларда көрестілген нақты қадамдарды жүзеге асыру барысында МЖМБС педагогикалық пәндер бойынша «Білім» мамандықтар тобының бағытына енетін «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Мектеп және адамзат педагогикалық ойлары тарихы», «Педагогика», «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәндерінің, педагогикалық практиканың типтік оқу бағдарламаларын дайындады. Жаңа буын «Педагогика» оқулықты қазақ және орыс тілдерінде 3 басылымда жарыққа шығарды. Аталған оқулықтың құндылығы мен артықшылығы - мектеп педагогикасы мәселелерін тұтас педагогикалық үдерісі тұрғысынан қарастырады. Дәрістер мазмұны педагогикалық үдерісте тұлғалық іс- әрекеттік және субъект-субъекттік тәсілдерге негізделеді.

 

Бөлімнің ғылыми-зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар өткізу арқылы болашақ мұғалімнің біліктіліктілігін арттыруға бағытталды.

 

Осы жылдары бөлімнің ПОҚ бірқатар оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар дайындалды: «Тұтас педагогикалық үдерісті іске асырудың теориясы және технологиясы», «Болашақ мамандардың тұлғасын әлеуметтендірудің теориясы және практикасы»; «Этнопедагогика»; «Қазіргі заман оқушысына кәсіби бағдар беру» және т.б.

 

Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің тарихы

 

6541