2018 жылы 02-11 маусым аралығында кафедра ғалымдары п. ғ. д., профессор Жампеисова К. К., п. ғ. к., профессор Колумбаева Ш. Ж. «Қоғамның рухани жаңаруы кезеңінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білімінің парадигмасын қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері" атты ғылыми жобаны орындау барысында Германияда Фрайбургтің жоғары педагогикалық мектебінде тәжірибеден өтті.
Іс-сапардың мақсаты - педагогикалық кадрларды даярлау және бәсекеге қабілетті жүйе ретінде педагогикалық білім беру тәжірибесімен танысу, Германияда педагогикалық білім берудің даму үдерісін анықтау (зерттеу саласы-педагогикалық білім бәсекеге қабілетті жүйе ретінде).
Сондай - ақ, педагогика факультетінің студенттерімен және лектор, доктор Клауди Руппен кездесу, «Мұғалімнің кәсіпқойлығы - оқыту және ата-аналармен жұмыс» атты семинарға қатысып, студенттермен аудиторияда жұмыс істеу ерекшелігін анықтау болды.
Педагогикалық факультеттің директоры, доктор Уве Битлингмайермен педагогтардың кәсіби дайындық үрдісінің мазмұнды толықтырылу ерекшеліктері туралы және педагогтарды даярлаудың оқу жоспарының психологиялық-педагогикалық құрамдас ерекшеліктері туралы пікір алмасты.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры, профессор Иоханес Лебфромның «Германияда жоғары білім беру» дәрісі, жоғары білім беру мәселелерін талқылау, «Антиасизм аудиториясындағы Интермәдени білім беру» арнайы курсы бойынша педагогикалық факультеттегі сабақтарға қатысу, профессор Рональд Аша «ГФР саяси жүйесі, компаративистикаға кіріспе» семинарына қатысып, талқылаулар болды.
Кафедра алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді: Халықаралық ғылым және педагогикалық білім беру академиясы, Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университеті (Ресей), Халықаралық білім және ғылыми ақпарат орталығы (Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V.) Дюссельдорф қ., Германия, КОНКОРД Халықаралық академиясы (Франция) және т. б.
 2403
|