«Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары | ![]()
1990 жылы қайта құру нәтижесінде бастауыш мектеп педагогикасы кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сабыржанұлы Сабиров тағайындалды.
2010 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы ашылуына байланысты кафедра атауы «Жалпы, жас және әлеуметтік педагогика» кафедрасы болып өзгерді.
2015 жылы университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері кафедраға ауыстырылғандықтан, осы жылдан бастап, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы болып өзгерді.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Мектепке дейінгі, өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламаларының жетекшісі болып п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қозыбайқызы Қыяқбаева тағайындалды.
Қазіргі уақытта Мектепке дейінгі, өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар саны 23 адамды құрайды, студенттер саны 300-ден асады, магистратурада 24 адам, докторантурада 15 адам оқиды.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|