Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
Мектепке дейінгі, әлеуметтік және өзін-өзі тану білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарын, әлеуметтік педагогтар және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерін, сонымен қатар, 6М010100 - «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» педагогикалық ғылым магистрлері және 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының PhD докторларын даярлауда жетекші рөл атқарады.
Білім беру іс-әрекетінің негізгі бағыты мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтарына қызмет етеді.
НААР ұлттық рейтінгісінде «5В010100, 6М010100, 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары бірінші орынға (2017ж. 2018ж.), «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» - үшінші орынға (2017ж..); 5В010100, 6М010100, 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары «2017-2022ж.ж.) ие болды. «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы (AQUIN) халықаралық аккредитациядан сапа сертификатын алды. 2020 жылғы қорытынды бойынша 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бірінші орын, 6М010100- екінші орын, 6D010100 - үшінші орынды иеленді.
Мектепке дейінгі, әлеуметтік және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының білім беру іс-әрекетінде «Білім туралы Заңы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (жоғары білім беру, бакалавриат) ГОСО РК 3.08.255-2006 и ГОСО 6.08.061-2010) құжаттарын басшылыққа алады.
«6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «6D010100 - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтарын даярлауда лицензиямен жұмыс жасап келеді.
«Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «2018-2025 жылдарға ҚазҰПУ-дың стратегиялық даму жоспарын» іске асыруда, 2025 жылға қарай Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелерін, үздік оқыту бағдарламаларына оқыту әдістемесі мен педагогикалық технологиясының нәтижелерін трансформациялау арқылы ТМД-дағы педагогикалық білімнің көшбасшысы, «ХХІ ғасыр мұғалімдерінің шебері» болуға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтың беделін арттыруға және ел дамуының қуатты драйвері болуымен астарласып жатыр.
Сондықтан QS World University Rankings рейтингінде 450 орынға болуды міндеттейді.
«Қоғамдық сананы жаңғырту аясында педагогтардың өзін-өзі жетілдіру бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобасы жетілдіруде. (ҚР ҒБМ қаржыландыруымен 5 515 456 тг ). Басты бағыты «Мәңгілік ел» ( XXI білім беру ғасыры, гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі және қолданбалы зерттеулер) мем.регист.номер 0118РК00551). Жобаның ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Р.К Бекмагамбетова.
Мектепке дейінгі, әлеуметтік және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының оқытушылары ғылыми конференцияларда, білім беру саласының мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру аудиторияларында және БАҚ саласындағы сарапшылар алдында үнемі өз баяндамаларын оқиды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай университет имиджін нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді, ал 2018 жылы 18 қазанда п.ғ.к., асс. профессор У. Кыякбаеваның басқаруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының түлектері форумы ұйымдастырылды. Форумның басты мақсаты - білім беру, ғылым және озық технологиялар саласындағы өзара іс-әрекеттердің инновациялық механизмдерін анықтау. Форумға әр жылда бітірген түлектері қатысты. Университеттің түлектері - қазіргі таңда мектеп мұғалімдер мен мектеп директорлары шақырылды. Форумның сәтті өтілуіне жауапты тұлғалар - А.А. Алимбекова, А.И. Булшекбаева, С. Еркебаева.
«Қазақстан мұғалімі» (№5-6 (3513), 31 марта 2018) газетіне оқытушы Д.А. Нургалиева мектеп түлектерін өз мамандықтарына тарту бағытында кафедраның кәсіптік бағдар жұмысы туралы және студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде қатысып жатқан түрлі іс-шаралары жайлы «Шығармашылық жұмыс» атты мақаласын жариялады.
П.ғ.к., доцент Ж.Т. Тасжурекова 21 қыркүйек күні (2018ж.) «Мектепке дейінгі білім берудегі психологиялық-педагогикалық зерттеулерге кіріспе» атты магистранттар мен докторанттарға арнайы әдіснамалық семинар оқыды. Жас ғалымдарға өздерінің идеяларын жетекшімен және әріптестерімен ой талқылауға шақыра отырып, ғылыми жұмыстарын талқылауға, ой бөлісуде жаңа идеяның пайда болуына ықпал жасайтыны жайлы айтылды. Зерттеу проблемасын жан-жақты көру үшін объективті түрде диссертацияның ғылыми аппаратын, құрылымын құруы жайлы талқыланды.
Семинар барысында магистранттар мен докторанттар өз ғылыми жұмыстарын талдау барысында лекторға сұрақтар, пікірлер, сын-пікірлер және пайдалы кеңестер жайлы сұрақтар қойылып, кері байланыс болды. Осындай семинар кезінде әріптестердің жұмысын талқылауға қатысуда жас ғалымдардың сыни ойлау, сараптамалық бағалау дағдыларын дамытады және зерттеу жұмыстарының нәтижесін көруге ынталандырады.
2020 жылдың мамыр айында 6d010100 - Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мамандығы "Казахстанская правда"газетінде жарияланған тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (ТАРА) өткізген Қазақстан университеттерінің ұлттық рейтингі-2019 қорытындысы бойынша бірінші орын алды.
2018 оқу жылында А.И. Ахметова (6D010300-Педагогика и психология ҒД № 0002260 06.03.2018 г., пр. № 413) және М.К. Ибраева (6D010300-Педагогика и психология FД №0002259. от.06.03.2018 г., пр. № 413) докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты.
2019 оқу жылында Г.Т.Аубакирова «6D010100 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ҒД №0000012 04-02-02-02/131 докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты
Кафедра оқытушыларының ҚР ҒБМ және жоғары оқу орны аралығындағы жобаға қатысу тізімі (2020ж.) Патент мен куәлік алған кафедра оқытушыларының тізімі 2020 ж.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру 2020 ж Кафедраның имидждік саясаты бойынша іс-шараларды өткізу Cтуденттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|