қазақша · русский · english
 
 
 

 

«ЛИДЕР»  ҮЙІРМЕСІНІҢ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ БАҒЫТЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 

- шығармашылық белсенділіктерін, оқу-танымдық  іс-әркеттерін арттыру;

- ғылыми, кәсіби, мәдени қарым -қатынастарын жүзеге асыру;

- лидерлік әлеуетін дамыту;

- қоғамға пайдалы істерде бастама көтеру,  қажетті мәселелерді шеше білу;

- бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру;

- тапқырлықтарын,  әлеуметтік белсенділігін қолдау және дамыту;

- студенттік ұжымның  қоғамдық қызметін жүзеге асыру барысында өзбеттерінше шешім қабылдау;

- студенттік ортаның қызметін дұрыс ұйымдастыра білу;

- студенттердің мүдделерін және құқықтарын қорғау;

- бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру;

- тұтас жүйе ретінде студенттік өзін-өзі басқаруды жан- жақты қамтамасыз ету, т.б.

- шешім  қабылдай білуге  және оны жүзеге асыруға   мүмкіндіктерін арттыру, т.б.

 

«Лидер»  үйірмесінің 2017-2018 оқу жылындағы

студенттік өзін-өзі басқару бағыты бойынша жұмыс жоспары


Тaқырыбы

Өту формасы

Орындалу формасы

Орындалу мерзімі

1

1 курс студенттері арасынан «Лидер» СҮ мүшелерін қабылдау

Мәжіліс

Сауалнама, кастинг

қазан

2

Мамандығым мақтанышым

Кәсіби бағдар беру жұмыстары

Ашық есік және  педагогикалық практика базаларында насихаттау және жарнамалау

Ақпан-сәуір

3

 

 

leader_keleshek.kz

Әлеуметтік жүйеде университетті, мамандықты жарнамалау, педагогикалық мамандықты насихаттау

Видео роликтер, суреттер, ақпараттар, хабарламалар, посттар жазу

Жыл бойы

4

Волентерміз

Еріктілер жұмыс

Суреттер, видео есеп

Жыл бойы

5

Табиғатқа саяғат

Саяхат

Топ серуен

Жыл бойы

 

«Кел! кітап оқиық»   тәрбиелік мәні бар көркем әдебиеттер оқу

Дөңгелек үстел

топтық талқылау, пікір алмасу

Жыл бойы

6

Қортындылау және жаңа оқу жылының жоспарын бекіту

Мәжіліс

Есеп

Мамыр

 

                                          «Аюсай» шатқалына белсенді демалысқа барып қайтты

 

Мамыр айының демалыс күндері «Лидер» студенттер үйірмесі «Саяғатқа барайық» жобасына сәйкес «Аюсай» шатқалына жоспарлы белсенді демалысқа барып қайтты.

 

Аталған іс-шараның мақсаты студенттік ұжымды нығайту, күшті команда қалыптастыру, қойылған мақсатқа тиімді жету және ынтымақты студенттер тобын құру және уақытты жағымды өткізу.

 

Белсенді демалыс - уақыт өткізудің әсерлі, қызық әдісі, сонымен қатар жағымды сезімдерге түсу, өз төзімділігін тексерудің бірегей мүмкіндігі. «Лидер» студенттер үйірмесінің мүшелері белсенді демалыс түрін алдын ала анықтап алған.Аюсай шатқалы Үлкен Алматы шатқалының бір тармағы болып табылады. Аюсай арқылы бұлақ ағып жатыр. Шатқалдың шыға берісінде жақсы автомобиль жолы бар. Ал ары қарай соқпақ жолда жаяу жүріп көтерілген әсем табиғаттың көрінісін ашады. Аюсайда серуендеу бесленді демалысты сүйетіндер тобы үшін өте қолжетімді. Сондықтан да бұл жолы біз осы әдемі орынды таңдадық.

 

Белсенді демалыс күйзелістен арылуға және қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Емтихан алдындағы мұндай демалыс және белсенді әрекет студенттерге пайдасын тигізетініне сенімдіміз.

 

Студенттер белсенді демалыстан қарым-қатынастары жақсарып, көңіл күйлері көтеріңкі қайтқан, әртүрлі курс және топ студенттері араласып, әзілдеп, түрлі ойындар ұйымдастырған, самаурынға шәй қойып, кәуап дайындап және бір-бірін қонақ еткен.

 

Белсенді демалыста байқалған жәйт студенттердің ұжымдық қарым-қатынастар нығайып, өз-ара ізгі ниеттілік сезімі пайда болды, өзара көмек және жауапкершілік деңгейі артып, психологиялық ахуал жақсара түскен. Бейресми жағдай, таза ауа, әдемі табиғат, көңілді көңіл-күй студенттерге ерекше сезім сыйлады.

 

         

 

         alt= 

 

         

 

         alt= 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Алматы Марафоны - 2018» қатысушыларына қолдау көрсетті


 2018 жылдың 22 сәуірінде Алматыда «Алматы Марафоны - 2018» өткізілді.


Алматы Марафоны - бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара. Жетi жыл бойы елдiң ең iрi қаласының негiзгi көшелерiнен жүгіріп өтуге мүмкіндік берген бұл жаппай жүгіру жарысы мыңдаған жүгіруден әуесқой және кәсіпқой шеберлердің басын қосты.

 

Марафонның мақсаты жүгіруді және жаяу серуендеуді кеңінен насихаттау, халықаралық марафон жарыстарына қатысушыларды дайындау, республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларды қолдау, алдағы болатын жарыстарда жасөспірімдерге қолайлы жағдай жасау, жаман әдеттерден бас тарту, салауатты ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ, Алматы марафоны қайырымдылық бағытта ұйымдастырылған спорттық шара болып табылады.


Барлық жиналған қаражат түрлі қайырымдылық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын болады. Мәселен, 2018 жылдың Алматы Марафоны аясында 17 миллионнан астам теңге жиналып, 3 балалар мекемелеріне жіберілді:
1. «Мен сенімен біргемін» онкология дертіне шалдыққан балаларға арналған бірінші балалар хосписі;

2. Зият дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №6 мектеп - интернаты;

3. Есік қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты.

 

Жиналған қаржыдан аталған мекемелерде спорт алаңы салынып, қажетті спорттық құрылғылар алынады.


Ресми мәліметтер бойынша биыл марафонға әлемнің 38 елінен 14 мыңнан астам жүгірушілер қатысқан. Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

 

Халықаралық спорттық іс-шараға ректор Такир Балықбаев, Педагогика және психология институтының «Лидер» үйірмесінің жетекшісі Анар Алимбекова және студенттері Сұнат Раимов, Сұңқар Мысыр қатысып, Университеттің 20-дан астам студенті еріктілер мен жанкүйерлер ретінде марафонға белсене ат салысты.


Біз Алматы-Марафонға қатысушыларды мақтан тұтамыз және ұйымдастырушылар мен спонсорларына халықаралық деңгейде пайдалы және жанға жағымды іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз.

 

         

 

         

 

         

 

 


2020