қазақша · русский · english
 
 
 

 

«ЛИДЕР» ҮЙІРМЕСІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫС БАҒЫТЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

- кәсіби кадрларды даярлау сапасын көтеру;
- бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау;
- адами құндылықтар жүйесін дамыту;
- студенттердің педагогикалық шеберліктерін дамыту;
- болашақ педагогтардың жеке тұлғалық, кәсіби, лидерлік сапаларын дамыту;
- Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен шығармашылық серіктестікті жүзеге асыру;
- болашақ педагогтарды тәрбие жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды;
- тәрбие жұмысының мақсатын анықтауды және мақсатқа жету жолдарын үйрету;
- студенттердің коммуникативті қабілеттерін дамыту;
- педагогикалық әдеп, мәдениет қалыптастыру;
- тәрбие жұмыстaрын ұйымдaстырудың жолдaрын және формaлaрымен, әдіс-тәсілдерін меңгерту;
- өзіндік іздену, өзін-өзі басқару, шығaрмaшылық, жaуaпкершілік, тaбaндылық, комaндaмен жұмыс жaсaуғa бaулу; т.б.

 

«Лидер» үйірмесінің 2017-2018 оқу жылындағы
тәрбие жұмыс жоспары

 

Тaқырыбы

Өту формасы

Орындалу формасы

Орындалу

1

«Лидер» СҮ Ережесімен және жұмыс жоспармен таныстыру

Мәжіліс

Хаттама

Қыркүйек

2

Жинаған жер таза емес, шашпаған жер таза

Акция

Хаттама

Қазан

3

Студенттік өзін-өзі басқару - кәсіби лидерлік сапаларын дамыту факторы

Дөңгелекүстел

Бағдарлама

Қараша

4

Кәсіби лидерлік заманауи талабы

Сайыс

Бағдарлама

Сәуір

5

Жүрек жылуы

Мерекелік іс-шара

Есеп

Сәуір

6

Дені саудың -   жанысау

1.Спорттық жарыстар2.Халықаралық марафон

Есеп

Сәуір

7

Мамандығым -мақтанышым

Кәсіби бағдар беру

Бағдарлама

Наурыз -мамыр

8

Қортынды

 

 

Есеп

 

«Жүректен жүрекке» акциясы


Қарттар күнін атап өту бүкіл қоғам үшін өте маңызды. Бұл күн жасұрпаққа қарттарды үнемі құрметтеуге, қамқорлық жасауға оларды ұмытпауға тиіс екендіктері туралы түсінуге мүмкіндік береді.


Халықаралық қарттар күні Қазақстанда 1 қазан 1991 жылынан басталып, ресми аталып өтеді. 1 қазанда Қарттар құқығын қорғау қауымдастықтары ұйымдастыратын түрлі фестивальдер, конференциялар мен конгрестер өтеді.


Қоғамдық ұйымдар мен қорлар осы күні түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.Біздің студенттер осындай іс-шараларға еріктілер ретінде жиі қатысады.Студент үшін волонтер болу бұл әрқашан жаңа біліктілік пен тәжірибе. Сонымен қатар пікірлестер командасында жаңа білім алып, пайдалы дағдыларды игеру мүмкіндігі.


«Лидер» клубының студенттері Халықаралық қарттар күні аясында "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында" концерттік бағдарламаны өткізуде қолдау көрсетті. Волонтерлер мен ардагерлердің кездесуі жылы және үйлесімді жағдайда өтті.


Ардагерлер жас әртістер мен балалардың өнерлерін тыңдады, сондай-ақ өздері ән айтып, би биледі. Болашақта мұндай кездесулер жиі өтеді деп үміттенеміз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

1 мамыр - балаларды қорғау күні

 

2018 жылғы 1 маусым Балаларды қорғау күні мекересіне орай Педагогика және психология институтының 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері Ph.D. Анар Алимбекованың жетекшілігімен «Балаға қуаныш сыйлаймыз» акциямен төмендегідей іс-шараларды жүзеге асырды.

 

Аталмыш іс-шаралардың бірі «Балаларға арналаған мерекелерді ұйымдастыру технологиясы» шеберлік сыныбы. Іс-шараға директордың орынбасары Гулжанар Арынова және оқытушылар Анар Алимбекова, Долорес Нұрғалиева және «Лидер» СҮ студенттері қатысты.

 

Шеберлік сынып барысында студенттер балаларды қорғау күнінің ерекшеліктері мен технологияларымен танысты. Яғни, балалар күніне арналған (ата-аналар үшін дәрістер, семинарлар, мамандардың кеңестері, мерекелерді, викториналар, флеш-мобтар, конкурстар, көрмелер, шеберлік сыныптар және т.б.) іс-шаралардың түрлері талқыланды.


Маңызды іс-шараның бірі «Балаларға тәттілер» акциясы. Акцияның мақсаты Алматы облыстық № 1 балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнайы тапсырыспен пісірілген тәтті тағамдар таратылып, балалардың көңілін көтеріп, мерекелерімен құттықтау.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің ашылуына 90 жыл толу қарасаңында балаларға шар таратып, мерекелерімен құттықтау мақсатында «90 балаға - 90 шар» акциясы ұйымдастырылды.


Жоспарланған іс-шараларды өткізу барысында студенттер жоғары белсенділік танытты. Бір балаға қуаныш сыйлау - мың бақыт екенін іс жүзінде жүзеге асыра білді. Жағымды іс-әрекеттерімен балалардың көңіл-күйінің көтерілгеніне өздерінің тікелей қатысы болғаны ерекше сезім қалдырды.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

«Жыл лидері - 2018» байқауы

 

2018 жылы 10 мамыр күні «Жыл лидері - 2018» номинациясы бойынша жеңімпазды марапаттау мақсатында «Лидер» клубының жоспарлы қортынды байқауы өтті.

 

Байқау студенттердің өткен оқу жылында игерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларын айқындауда, сонымен қатар жаңа оқу жылында әлеуметтік-педагогикалық жобалардың жоспарын жүзеге асырудағы студенттердің таланты мен бастамашыл сапаларын дамытуда маңыздылығымен ерекшеленді.


Байқауға 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. 2017-2018 оқу жылы барысында «Лидер» клубы мүшелері тренингтерге қатысып, түрлі жобаларға қатысып, дәрістер тыңдады. Мысалы, команда құру, әлеуметтік жобалар жасау, БАҚ, әлеуметтік желілердегі жұмыстар т.б.

 

Байқау мәресіне 4 команда шықты, ал «Жыл лидері - 2018» атағына жеке сынақта төрт үміткер бәсекелесті. Қатысушылар келесідей критерийлер бойынша сахнаға шықты:

- визит карточкасын таныстыру;

- лидерлік сапаларды көрсету тақырыбында скетч қою;

- қатысушылар шығармашылығы (қатысушылардың өзі жазған өлеңдері немесе әндері);

- патриоттық ән (хормен).

 

Байқау әділқазылары: Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамынан Ph.D. Мейрамгүл Cұраншиева, аға оқытушы Дариға Азимбаева және Разия Каримова, сонымен қатар «Лидер» клубының жетекшісі Ph.D. Анар Алимбекова.

 

Іс-шара нәтижесі бойынша «Жыл лидері - 2018» номинациясының жеңімпазы 2 курс студенті Суннат Раимов атанды. Суннат Раимов «Жыл лидері - 2018» дипломымен, сонымен қатар кәсіпкер, лидерлік сапаларды дамыту бойынша тренер Куаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабына ие болды. Байқауға қатысқан барлық 4 топқа да дипломдар табысталды:

1. I дәрежедегі диполом - 2 курс 1 топ;

2. II дәрежедегі диплом- 1 курс 2 топ;

3. III дәрежедегі диплом- 1курс 1 топ және 2 курс 2 топ.

 

Байқау соңында студенттердің жыл бойында лидерлік сапаларын қалай көрсеткендігі және дамытқандығы есепке алынып, барлық белсенді қатысушылары мадақтау қағазымен және атаулы белгілермен марапатталды.

 

«Жыл лидері» байқауы - бұл, ең алдымен, тұлғалық даму. Аталмыш байқаулар студенттерге өздерінің лидерлік әлеуетін және кәсіби сапаларын дамытуға мүмкіндік береді.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

2035