Педагогика және психология институтының Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Р.К. Бекмағамбатеваның ұсынысымен 2011-2012 оқу жылында «Лидер» студенттер үйірмесі эксперимент ретінде құрылып, өз жұмысын екі бағытта жүрді: • Студенттердің ғылыми жұмысы; • Тәрбие жұмысы.
Үйірме жетекшісі міндетін кафедраның аға оқытушысы Алимбекова А.А. атқарды.
2014жылы 18 қарашасында «Лидер» СҮ-нің «Студенттердің лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары» атты I ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға профессор - оқытушы құрамы, студенттер қатысып баяндамалары тыңдалды, сонымен қатарбелгілі Ресей ғалымы п.ғ.д., профессор Л.Н. Мардахаев «Лидер и лидерства в социально-педагогической деятельности» тақырыбында баяндама жасады.
А.А Алимбекова 2016 жылы қорғаған «Болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы (Ph.D) докторлық диссертациясының эксперимент бөліміне үйірме жұмыстарының нәтижесін негізге алды.
2017-2018 оқу жылынан бастап«Лидер» студенттер үйірмесі өз жұмысын қайта жандандырды. «Лидер» СҮ-нің Ережесі жаңадан толықтырылып, жоспары құрастырылды.
Қазір үйірме жұмысы 3 бағытта жүреді: 1. Студенттердің ғылыми -зерттеу жұмысы. 2. Студенттердің тәрбие жұмысы 3. Студенттік өзін-өзі басқару
«Лидер» студенттер үйірмесінің мақсаты: Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамыту арқылы, қоғам сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. «Лидер» үйірмесінде студенттердің өзін-өзі басқару органдарының жұмысына басымдылық беріледі. Студенттердің өзін-өзі басқару бағыты жүйелі іске қосылған кезде, студентердің ғылыми - зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігі артады.
«Лидер» клубының 2017-2022 оқу жылдарындағы атқарылған жұмыстар Есебі
 3316
|