қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Шармуханбет Салтанат Русланқызы

Шармуханбет Салтанат Русланқызы

Қысқаша өмірбаян

Мен, Шармуханбет Салтанат Русланқызы 1984 жылы 16 мамырда Украина, Закарпат облысы, Солотвино қаласында дүниеге келдім.

2001-2005 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 030240 - Физика және информатика мамандығы бойынша бакалавриатта оқыды. 2005-2007 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистратурасында оқып, физика магистрі біліктілігін алды.

2005-2008 жылдары №30 мектеп-гимназиясында информатика пәнінің мұғалімі, 2008-2009 жылдары Атырау қаласындағы "тағылым" жекеменшік мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Физика және техникалық пәндер"кафедрасының оқытушысы.

2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "6D011100 -Информатика" мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. 2011 жылы осы мамандықтың жабылуына байланысты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорының ұсынысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура институтының докторантурасына оқуға жіберілді.

Докторантурада оқып жүрген кезімде мен теориялық курсты сәтті игердім, мемлекеттік кешенді емтихан тапсырдым және "6D011100 - Информатика" мамандығы бойынша PhD докторантураны оқыту бағдарламасында қарастырылған диссертация қорғадым, ғылыми деректерді зерттеу, талдау және синтездеу әдістемелерін, сондай-ақ оқыту әдістемесін меңгердім.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасында оқытушы/аға оқытушы болып жұмыс істеймін.

 

БІЛІМ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқталу күні

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

030240 - Физика және информатика мамандығы бойынша

2005

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Физика магистрі

2007

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6D011100 - Информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

2013 г.

 

УЧЕНАЯ СТЕПЕНЬ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым облысы

Дипломның берілген күні

Философия докторы (PhD)

Информатика

12.03.2014

 

ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейлері бойынша тізбе)

1. Ақпараттық қауіпсіздік

2. Ақпаратты және ақпараттық қауіпсіздікті қорғаудың заманауи әдістері

3. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғаудың теориялық негіздері

4. АЖ деректер базасы

5. Білім берудегі сандық технологиялар

Ғылыми-әдістемелік қызмет-зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды)

1. «The use virtual measuring devices in teaching modeling of physical processes»/ Бидайбеков Е.Ы., Рахимжанова Л.Б, Камалова Г.Б., Ошанова Н.Т. SciVerse ScienceDirect Procedia- Social and Behavioral  Sciences 51 (2012) С.803-806, ARTSEDU 2012

2. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушылыраның ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі./  Шармуханбет С.Р., Исабаева Н.Т. Международной научно-практической конференции Посвященную к 125 летию Т.Рыскулова «СОВРЕМЕННЫЕ ТРЕНДЫ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО

3. Разработка средств обучения учителей физики основам использования виртуальных приборов / Бидайбеков Е.Ы., Шармуханбет С.Р. Московский городской пед.университет,Научно-исследовательский институт столичного образования.«Бюллетень лаборотории математического,естественнонаучного образования и информатизации».Рецензируемый сборник научных трудов. Том V.-Издательство «Научная книга»,2013-С.120-124.

 4. Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігінің ерекшеліктерін критериалды бағалау / Шармуханбет С.Р. , Жақсылыққызы К. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «ХХI ғасырдың ересектеріне білім беру: заманауи тенденциялар» тақырыбындағы Республикалық Форум Алматы, 25 сәуір 2019 жыл,
Б. 106-109

5. Мектепте ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақ- тың тиімділігін арттыру / Шармуханбет С.Р., Карабалаева Г. Вестник КазНПУ им. Абая. Серия ««Педагогические науки»-Алматы 2019- №4(64), С. 326-329 ISBN 978-601-341-164-4



← Кері оралу