қазақша · русский · english
 
 
 
 Жабал Алшынбекұлы Шойынбет
«Хәкім Абай ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Филология ғылымдарының кандидаты
Достық даңғылы 13, бас оқу ғимараты №6, 310 кабинет
 291-65-41, 8-707-711-00-57
zhabal55@mail.ru

 

«Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы


Абай университетінде 2008 жылдың қыркүйегінде «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Бүкіл шығармашылық еңбек жолын тек қана абайтануға арнаған ғалымдар ғана ұжымға қызметке қабылданды, олардың зерттеу тақырыптары төмендегідей:
1. Мырзахметұлы Мекемтас, ф.ғ.д. профессор
Кандидаттық диссертациясы: «Абай мұрасының зерттеу тарихы», 1965ж.
Докторлық диссертациясы: «М.Әуезов және Абайтану проблемалары», 1989ж.
2. Шойынбет Жабал, ф.ғ.к.
Кандидаттық диссертациясы: «Абай қарасөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері», 2006ж.
3. Әліпхан Мақсат, ф.ғ.к., доцент
Кандидаттық диссертациясы: «Жүсіп Баласағұн мен Абай арасындағы шығармашылық сабақтастық мәселесі», 1998ж.
4. Бекбосынов Марат, ф.ғ.к., доцент
Кандидаттық диссертациясы: «Дулат және Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби сарын», 2004ж.
5. Шойынбет Балжан, магистр
Магистрлік диссертациясы: «Абай шығармаларындағы Шығыстық сарындар», 2012ж.
Ғылыми орталық өз жұмысын бірден ұлттық педагогикамен университеттің бағдарламасына негіздеп:

1.Ғылыми зерттеу

2.Тәрбиелеу

3. Оқыту бағытына қарай сәйкестендірді.

 

«Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы Абай мұрасын жинақтау, зерттеу және насихаттау ісіне бірден кірісіп, ғылыми-танымдық «Абайтану» циклын бастап, алғашқы кітаптарын көпшілікке ұсынды:
1. М.Мырзахметұлы, Ж.Шойынбет, М.Әліпхан «Абайтанудың өзекті мәселелері», Алматы, 2009ж.
2. Зейнелғабиден әл-Жауһари әл-Омскаун, Насихат Қазақия (1909ж.), Алматы, «Орхон» баспасы, 2009ж.
3. Абай термесі (Бастырушы Самат Әбішұлы, 1916 жыл) Алматы, «Орхон» баспасы, 2010ж.
4. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: Жақсы ата-ана, Токио (Жапония), 2010ж.
5. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: Жақсы ұстаз, Токио (Жапония), 2010ж.
6. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: Жақсы құрбы-құрдас Токио (Жапония), 2010ж.
7. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: Жақсы бала Токио (Жапония), 2010ж.
8. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: 5-8 сынып оқулығы, Токио (Жапония), 2010ж.
9. М.Мырзахметұлы, т.б. Абайтану әліппесі: 9-сынып оқулығы, Токио (Жапония), 2010ж.
10. Mekemtas Mirzahmetov «Kazaklar nasil ruslastirilmaya calisilbi», Cankiri, 2012ж.
11. Мақсат Әліпхан «Қазақ әдебиетіндегі Адамгершілік ілімі», Алматы, 2013ж.
12. Ж.Шойынбет «Абайдың қарасөздерінің ерекшеліктері», Алматы, 2015ж.
13. М.Мырзахметұлы «Абай лұғаты», Алматы, 2015ж.
14. Ж.Шойынбет «Абайдың дана сөздері», Алматы, 2015ж.
15. М.Мырзахметұлы «Хакім Абай мұрасын танып білудің 125 (1889-2014) жылдық тарихынан», Астана, 2015 ж.


Сонымен бірге ректорат әкімшілігі мен факультет басшыларының қолдауына ие болған тұңғыш бастама университеттің бүкіл факультетіне жаңа пән «Абайтану» пәні жүргізіле бастады. Адамзат баласын рухани кемелдікке жетелейтін Абайдың толық адам туралы ілімі жас ұрпақты тәрбиелеудің ізгі мұрасына айналып, елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің жарқын көрінісіне айнала бастады. Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың «Исі қазақ Абайды білуі тиіс» ғибратын іс-жүзінде жүзеге асыра бастаған ғылыми-зерттеу институты ұжымы ғылыми қызметкерлерінің әрқайсысы бұрын терең зерттелмеген жәуанмәрттілік, имани гүл, т.б. тың тақырыптарға зерттеу жүргізіп, ғылыми-монографияларын дайындады.


«Абайтану» пәнінен студенттерде зор қызығушылық танытқандықтан, олардың еркін пікірлесуіне және Абай даналығын одан әрі тереңдете түсуіне мүмкіндік жасалып, «Абай мектебі» тұрақты жұмыс жасап келеді. Университетте ашылған «Абай» музей-кабинеті қазіргі күні тек студенттерге ғана емес, Абайды оқып, білем деген көпшілікке арналған ізгілікті орынға айналуда.