қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2016

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» атты интеллектуалды-танымдық сайыс

11.04.2016 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» атты интелектуалдық-танымдық сайыс болып өтті. Фестиваль педагогика және психология институтының: «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы, «Педагогика және психология» кафедрасы, «Арнайы білім беру» кафедрасы, «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедралары аралығында бәсекеге қабілетті құзіретті маман даярлау, сондай-ақ, студенттерді білімділікке, сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, студенттерге қандай да бір мақсатқа жету жолдары бар екенін түсіндіру мақсатында өткізілді.
Сайысқа аталмыш кафедралар білімі терең, ойы ұшқыр 6 үздік студенттерін үкілеген үмітпен қосты. Сайыскер топтарымыз 6 кезеңнен (1- кезең «Жетістік», 2 - кезең «Жорға», 3-кезең «Тұлғалар», 4-кезең «Ғажайып қолдау», 5-кезең «Сіз білесіз бе?», 6-кезең «Менің сүйікті университетім») тұратын, және негізгі талаптармен өрнектелген арнайы бағдарлама негізінде сайысқа түсті.
Сайысқа төрелік еткен университетіміздің үлгі тұтар тұлғаларына айналған: педагогика және психология институтының директоры С.М.Кеңесбаев, педагогика және психология институтының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Ақжолова, педагогика және психология институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Б.Малдыбаев, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ұ.М.Абдіғапбарова сынды оқытушыларымыз болды.
Осыншама кезеңді артқа тастап, өз білімдерін айқын көрсете алған топтар әділқазылар шешімімен 1-орын «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы, 2-орын «Педагогика және психология» кафедрасы, 3-орын «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы, ал ынталандыру сыйлығымен «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы, «Арнайы білім беру» кафедрасы марапатталды.
Жалпы алғанда «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» атты интеллектуалды-танымдық сайысынан алған әсеріміз ерекше. Бұл сайыс білімнің, аса ұшқырлықтың, шыдамдылық пен сабырлылықтың дәлелі болғандай.

 




Кері оралу