қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2021

Педагогика және психология институтының магистранттары Республикалық олимпиадасында екінші орынға ие болды

 

2021 жылы 21 сәуірде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «7М01 - Педагогикалық ғылымдар» оқыту бағыты бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өтті.


Олимпиадаға он төрт университеттің командалары қатысты. Қатысушылар онлайн-форматта «Менің мамандығым - мұғалім» өзін-өзі таныстыруын және «Қазақстан Республикасындағы шектеу шаралары аясында мектеп оқушыларына білімдерін толықтыруға көмектесетін педагогикалық құралдар» ғылыми жобасын ұсынды, «Ғылыми мақаланы шолу» байқауына қатысты.


Олимпиада қорытындысы бойынша «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-2 курс магистранттар командасы (Саитгареева Гульшат, Шамшиева Рамина, Туреханова Жамиля, Седловская Мадина) екінші орынға ие болды. Ғылыми жетекші - Исалиева Сауле, «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығының үшінші курс докторанты.


Олимпиадаға дайындық барысында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының басшысы Көшербаева Айгерім; Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры Жүндібаева Тұрархан; Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдәбек Дидарбек, комитеттің нұсқаушысы Құрманалиев Артық, сондай-ақ университет студенттердің көмегі өте зор болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу