қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2021

«Тағылымы мол, бітімі бөлек, ғибратты ұстаз» халықаралық дөңгелек үстелі

 

Абай университетінде 2021 жылғы 18 мамырда «Арнайы педагогика» кәсіби дайындық бөлімі ғалым, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Нұрсұлтанқызы Аутаеваға арналған «Тағылымы мол, бітімі бөлек, ғибратты ұстаз» халықаралық дөңгелек үстелін онлайн форматта ұйымдастырды.

 

Алғы сөзбен профессор Ж.И. Намазбаева, ППИ директоры Г. А. Абаева сөз сөйледі.


Дөңгелек үстелге шетелдік әріптестер: Ева Мария Кулеша (Польша), Жанна Арутюновна Пайлозян (Армения), Королева Ю.А. (Ресей), сондай - ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері, Алматы қаласының базалық мектептерінің басшылары, Педагогика және психология институтының ұжымы, түрлі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшілері, «Дефектология» мамандығының түлектері қатысты.


Іс-шара барысында түлегіміз Қәбдікәрім Жайнар өз өлеңін оқыды. Қәзіргі таңда оқып жатқан докторанттар, магистранттар да шетте қалмай өз ұстаздарына деген риясыз көңілдерін еліміздің түкпір-түкпірінен, Улан-Батор, Лондон қалаларынан білдіріп жатты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің тәлімгері, әріптесі Ақбота Нұрсұлтанқызына зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тіледі!

 

   

 

   

 

   




Кері оралу