қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2021

«Қазақстанның біз білмейтін кереметі» вебинары

 

2021 жылдың 18 қазанында Zoom платформасында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы, кәсіби даярлау бөлімінің профессоры А.Манкештің ұйымдастыруымен «Қазақстанның біз білмейтін кереметі» тақырыбында «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-ші курс студенттерімен вебинар өткізілді.

 

Вебинарға оқытушылар, №144 мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, магистранттар мен студенттер қатысты. «Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» пәні негізінде жүргізілген вебинарда студенттер, қонақтарды Қазақстанның көпшілік біле бермейтін ерекше жерлерімен таныстырып, олардың «құпия тарихына» тоқталды. №144 мектепке дейінгі ұйымның, тәжірибелі педагогі Қалибекова Гүлнәз, «Қоршаған ортамен таныстыру» пәнін жүргізудегі өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. «Жаңартылған білім мазмұны бойынша» дайындалған видео-сабақ қызу талқыланды. Танымдық мақсатқа негізделіп, қызықты да тартымды ұйымдастырылған вебинарға студенттер белсенді қатысып, ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу