қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2021

«Келешекке бастар жол» тренинг-семинары

 

2021 жылдың 28 қазанында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Келешекке бастар жол» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Семинарға қатысушылар Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ студенттері. Семинарды жүргізуші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлім жетекшісі Бауыржан Жанкушков.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу