Педагогика және психология факультеті |
18.11.2021
«Келешекке бастар жол» тренинг-семинары
2021 жылдың 21 қарашасында Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде «Келешекке бастар жол» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Семинар қатысушылары Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ студенттері мен колледж ұстаздары. Семинарды жүргізуші: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлім жетекшісі Бауыржан Жанкушков.
Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|