қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2021

Студент, сәтті сессия болсын!

 

2021 жылдың 30 қарашасында Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің» ұйымдастыруымен «2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын тапсыру» тақырыбында 1-2 курс білімалушылары арасында вебинар өтті.

 

Кездесуде қысқы емтихан сессия емтихандарын тапсыру туралы айтылды және емтихан түрлеріне жеке жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Вебинар спикерлері Асанханова Жанна мен Алимкул Айжан  мазмұнды презентацияларын таныстырды.

 

Кездесу барысында білімалушылар өздерін қызықтырған қысқы емтихандардың өту барысы жайлы туындаған сұрақтарын қойып, оларға «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің» жетекшісі Ақжолова Ақтоты тиісті жауаптарын берді.

 

   

 

   




Кері оралу