қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2022

«Келешекке бастар жол» тренинг-семинары

 

2022 жылдың 28 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласының Ы.Алтырсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте және Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Келешекке бастар жол» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Семинар қатысушылары Алматы облысы Панфилов ауданының мектеп бітіруші түлектері және колледж студенттері. Семинарды жүргізушілер: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының ғылым, мониторинг және халықаралық ынтымақтастық және маркетинг бөлімдерінің жетекшілері - доцент Абай Дүйсенбаев және аға оқытушы Бауыржан Жанкушков.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Тренинг-семинарда мектеп және колледж бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу