қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

«Талапкер-2022» Ашық есік күні

 

2022 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында «Ашық есік күні» өтті. Ашық есік күнге Алматы қаласы мен Алматы облысы мектеп және колледж бітіруші түлектері қатысты.


Ашық есік күнінің мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.


Ашық есік күні төмендегі бағдарлама бойынша өткізілді:
- Институтын материалдық-техникалық базасымен таныстыру;
- Педагогика және психология институтының студенттерінің өздері оқитын білім беру бағдарламаларын талапкерлерге презентация жасауы;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түсу ережелері. Грант және ақылы оқу туралы;
- Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдастырумен концертік нөмірлер.

Ашық есік күнінің ұйымдастырушылары - Педагогика және психология институтының кәсіби даярлау, маркетинг, қоғаммен байланыс және әлеуметтік жұмыс бөлімдері мен студенттік өзін-өзі басқару.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу