қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2017

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


              10-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен республикада тұңғыш рет Магистранттардың ғылыми олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 13 команда қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚПУ, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы униерситеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МПУ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты.

             

10 сәуір күні Магистранттар олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті.

            10-12 сәуір аралығында сағат 9.00 - 17. 00 дейін командалар V кезеңде: «Балаға жүрек жылуы: мұғалімдер тағдыры» тақырыбындағы командалық шағын зерттеу жұмысы, «Ғылыми хабарлама», Жазбаша жұмыс: ұсынылған мақалаға пікір жазу, «Ғылым және зерттеуші тұлғасы» тақырыбы бойынша ғылыми пікірталас, «Ғылыми эрудиция/ой-өріс» байқауы секілді кезеңдерде өз бақтарын сынады.
      11-12 сәуір аралығында Олимпиаданың бағдарламасына сәйкес Педагогика және психология кафедрасының профессорлары Тұрғынбаева Б.А., Жиенбаева Н.Б. дәрістер оқыды және «Қызығушылықтар бойынша клубтар» жүргізілді (профессор М.А.Абсатова, доцент Л.О.Сәрсенбаева).
           12 сәуір күні Олимпиаданың салтанатты жабылуында Педагогика және психология институтының директоры п.ғ.д., профессор Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы олимпиаданың демеушілеріне «Koolmoney» микроқаржы ұйымының бас директоры Сәулебаева Гүлжан Маратқызына, «Костанай минералдары» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрходжаев Ербол Сапарбайұлына алғыс білдірді.

         Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы қазылар алқасының шешімімен Олимпиадада озық шыққан 13 магистранттың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, мадақтау грамоталарымен марапаттауға ұсынылғанын жариялады.

           Олимпиадада үздік шыққан алты команда І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен кубок, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

І - орын - Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті командасы

 

ІІ - орын  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті

 

ІІІ - орын:

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті 


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті иеленді.


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 




Кері оралу