қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

        Бүгін сағат 12-30-да Педагогика және психология институтында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Домбырасыз ән қайда?» тақырыбында «Аспаптық дайындық» пәнінің оқытушысы, п.ғ.м. Г.Қамзаның жетекшілігімен концерт өткізілді.
           «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері концерт барысында Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған «Тілашар» әні, «Біз өмірдің гүліміз», Күнсайын Қуатбаевтың сөзіне жазылған «Сурет сабағы» әні, С.Мұхамеджановтың сөзіне жазылған «Бүгін қай күн» «Болайықшы осындай» әндері, Е.Елубаевтың сөзіне жазылған «Қаздарым» әні, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Құттықтаймын мама,туған күніңмен» әні, Ж.Өмірбековтың сөзіне жазылған «Төлдер», «Наурыз» әндері, Ә.Әбіласановтың сөзіне жазылған «Мөлдір бұлақ» әні, «Жастар биі», «Кеңес» күйлері орындалды.

 

 

 




Кері оралу