Педагогика және психология факультеті |
07.02.2024
ТМД Үздік студенттері -2024
Астана қаласындағы «Бөбек «Жалпыұлттық қозғалысы» қолдауымен Халықаралық студенттер қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық жобаға «Бастауыш білім беру» бағдарламаларының студенттері белсене қатысты.
2024 жылдың 6 ақпанында жоба нәтижесі бойынша «6В01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттері Құралбайқызы Гүлнұр, Ерсаин Еңлік, Жолдасхан Әсел; «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиямен» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенті Кулакова Елена; «6В01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Сұлтанова Камилям; «6В01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиямен» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Жиенбаева Аяна ІІ дәрежелі дипломдармен, «ТМД-ның Үздік студенті-2024» медальдарымен марапатталды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» VII «Үздік студент-2024» кітап жинағына енді.
Жобада белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін жетекшілері п.ғ.к., профессор Л.А.Лебедева, аға оқытушылар М.Т.Бекбаева, Г.Ғ. Арыновалар алғыс хаттармен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|