Педагогика және психология факультеті |
15.04.2024
«Жаны саудың - тәні сау» атты ойын - тренинг
2024 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес, «6В03111-Практикалық психологтарды даярлау» мамандығының 3-курс студенттерімен топ эдвайзерлері Перизат Дауткалиева және Нұрғайша Кудушеваның ұйымдастыруымен «28 Панфиловшылар саябағында» ойын-тренинг өтті. Аталған тренингтің мақсаты - «Психология» мамандығының студенттерін табиғат аясына шығарып, психика мен физиологияның байланысын түсіндіру, психосоматика ұғымының мағынасын талдау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ескеру болды.
Іс-шара барысында 1-2 курс студенттерінің бір-бірімен танысу шаралары ұйымдастырылды. Студенттер «Мен және біз» жаттығуы арқылы өздері туралы тың ақпараттар айта отырып, байланыс орнатты. Одан соң проективті әдіс арқылы психосоматикаға қатысты бірқатар терминдермен танысты, олардың мағынасын қағаз бетіне түсіру арқылы талдады. Денеге бағытталған белсенді жаттығулар ретінде командалық жұмыс ұйымдастырылды. Қорытынды бөлімде студенттер алған әсерлерімен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|