Педагогика және психология факультеті |
09.12.2024
Танымдық кездесу: «Студент, сессияға дайынсың ба?» 2024 жылдың 5 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультет деканатының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Студент, сессияға дайынсың ба?» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қысқы сессия емтихандарын тапсыру туралы айтылды. Сондай-ақ емтихан түрлеріне жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу спикерлері - Жаухар Тулеумуратова мен Жансая Жеткергенова студенттерді мазмұнды презентациялармен таныстырды.
Кездесуде білім алушылар қысқы сессия емтихандарының өту барысы жайлы туындаған сұрақтарын қойды. Студенттердің сұрақтарына деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова тиісті жауаптар беріп, кездесуді қорытындылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|