қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2025

Өндірістік практика аясындағы «Заманауи әлемдегі құқықтық нигилизм» атты қалалық ғылыми баттл

 

2025 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласындағы «№134 лицейі» КММ-де «6В01101 - Педагогика және психология мамандығының» 3(3 ж.) және 4 курс студенттері - Милана Аскарова, Любовь Осина және Виктория Заводовская «Заманауи әлемдегі құқықтық нигилизм» тақырыбындағы ашық сабақ әрі қалалық ғылыми баттл өткізді.

 

Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық білім беру жобасы аясында өтті. Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті (Ақтоты Ақжолова, Сауле Исалиева), Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West" for master and doctoral students, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Абульфат Палангов, Гюльнара Хасполадова), Алматы қ. Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы (Роза Акмагамбетова), «№ 134 лицейі» (Сауле Сосанова, Венера Окасова).

 

Іс-шараға Алматы қ. №134 лицейі, №200 мектеп-лицейі, №46 гимназия, №118 мектеп-гимназия, №10 және 52 жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары, сонымен қатар пән мұғалімдері, педагог-психологтар, шақыртылған сарапшылар және Абай атындағы ҚазҰПУ 6В01101 - «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері Айнур Сарбасова, Арина Камышанская, Амина Нургалиева, Фаузия Султани, Диана Мухамедьярова қатысты.

 

Ғылыми баттл сарапшылары: Талғат Дюсебаев (Қонаев университеті), Әлия Момбек, Гульназ Канафина (Абай атындағы ҚазҰПУ), Нурмухамед Мырзатаев (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Венера Коканова (Алматы қ. Білім басқармасы), Айя Емберген (И.В.Панфилов атындағы № 54 ҚСММЛ).

 

Бірінші турда қатысушылар «Бейне визиткаларды» ұсынса, екінші турла «Құқықтық ликбез» викторинасына қатысып, үшінші турда буллинг, лудомания, жаман әдеттер, аутодеструктивті мінез-құлық ұғымдар бойынша өз пікірлерін білдірді, құқықтық нигилизм негіздеріне тоқталып, жалпы қорытындыға келді. Қатысушылар баттлға белсене қатысып, қарсыластарына сұрақтар қойып, өз ойларын ғылыми фактілерімен дәлелдей отырып, мысалдар мен қарсы дәлелдер келтірді.

 

Келесі кезекте қатысушылар би элементтерімен психологиялық жылынуға қатысты, бұл оларға демалуға және «Қазіргі мектеп оқушысының тұлғасы» тақырыбындағы жобаны аяқтау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

 

Аудиторияны тартудың жоғары деңгейі, студенттердің белсенділігі және сындарлы пікірталас ғылыми тартыс тақырыбының маңыздылығын және сабақтан тыс жұмыстың осы түрін одан әрі дамыту қажеттілігін растады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу