қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2025

Педагогика және психология факультетінде «Талапкер-2025» Ашық есік күні


2025 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен «Талапкер-2025» Ашық есік күні өтті. Бұл шараға №1 Алматы Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Қаскелең Гуманитарлық-техникалық колледжі және Республикалық Жоғары Медициналық колледжінің түлектері мен Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысты.

 

Ашық есік күнін факультет деканы Абаева Ғалия Әскербекқызы құттықтау сөзімен бастады. Ғалия Әскербекқызы сөзінде Педагогика және психология факультетінің болашағын құруда маңызды рөл атқарып отырған білім беру бағдарламаларының сапасы мен оқытудың заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударды. Ол барлық қатысушыларға жоғары білім алу жолындағы ең дұрыс таңдау жасауға, өздерінің армандарына жету үшін үлкен қадам жасауға тілектестігін білдірді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогика және психология факультетінің білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру және оқуға түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болды.

 

Ашық есік күнінде факультет өкілдері мен «Тыныс» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері факультет білім беру бағдарламалары туралы презентациялар ұсынды.

Ашық есік күні жоспар бойынша сәтті өтті. Колледж түлектері мен мектеп бітірушілері университет туралы, білім беру бағдарламалары, жатақхана, мемлекеттік гранттар және жеңілдіктер туралы сұрақтарын қойып, шара барысында барлық қажетті ақпарат алды.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Педагогика және психология факультетінің деканының әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елмұрат Қуатұлы, Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Жанкушков Бауыржан, Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Байдосова Динара, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушылары Тұсыпбекова Күнсулу және Садреймова Айнур, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Ағыбай Құрманғазы және «Тыныс» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Анель Болатқызы колледж және мектеп оқушыларына арнайы тренинг өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу