қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2025

«Болашаққа қадам: бастауыш білім берудегі цифрлық сауаттылық пен интелллектуалды дамудағы заманауи технологиялар» атты шеберлік сынып

 

2025 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым апталығы аясында Педагогика және психология факультетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Амина Амирова «Болашаққа қадам: бастауыш білім берудегі цифрлық сауаттылық пен интеллектуалдық дамудағы заманауи технологиялар» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.


Іс-шараның негізгі мақсаты - бастауыш білім беру жүйесінде цифрлық сауаттылық пен оқушылардың интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың теориялық негіздері мен оларды тиімді қолдану жолдарын меңгерту болды.


Шеберлік сынып аясында Smart технологиялар, жасанды интеллект (AI), STEAM-білім беру, виртуалды шындық (VR), сондай-ақ түрлі EdTech платформаларды бастауыш білім беру үдерісінде пайдалану тәсілдері кеңінен қарастырылды. Қатысушылар педагогикалық үдерісте цифрлық технологияларды табысты қолданудың білім сапасын арттырудағы, оқушының тұлғалық дамуын қолдаудағы және болашақ өмірлік траекториясын қалыптастырудағы маңыздылығын жан-жақты талқылады.


Аталған шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранттары мен докторанттары, еліміздің әр өңірінен ЖОО-ның оқытушылары мен білім алушылары, бастауыш сынып мұғалімдері белсенді қатысып, мазмұнды пікір алмасуға атсалысты. Қатысушылар шеберлік сыныптың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу