Педагогика және психология факультеті |
15.04.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Үздік студент – 2025» байқауы өтті 2025 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Ғылым апталығы аясында 2 және 3-курс білім алушылары арасында «Үздік студент - 2025» байқауы өткізілді. Аталмыш іс-шара ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.
Байқаудың негізгі мақсаты - оқу үдерісінде, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарында, спорт, өнер, шығармашылық және басқа да салаларда жоғары жетістікке жетіп, белсенділік танытып жүрген студенттерді анықтап, оларды қолдау және ынталандыру.
Байқауға факультеттің белсенді, озат оқитын білім алушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің жан-жақты қабілеттерін көрсетіп, жоғары деңгейде сынға түсті.
Қорытынды бойынша бастауыш білім беру бағдарламасының студенттері жүлделі орындарға ие болды: «Үздік студент - 2025» атағы мен I-дәрежелі диплом Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Гүлназ Берікқызына берілді. II-дәрежелі дипломмен Бастауыш білім көптілдікпен білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Шахризада Мұғау марапатталды.
Іс-шара соңында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова жеңімпаздарды құттықтап, алғыс білдіріп, барша қатысушыларға алдағы білім жолында табыс тіледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|