қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2018

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы психология бойынша
Республикалық пәндік олимпиада-2018

 

2018 жылдың наурыз айының 28-29 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жоғары оқу орындары арасындағы психология бойынша  Республикалық пәндік олимпиада өтті.

 

Олимпиадаға қатысуға Қазақстанның ЖОО «5В050300 -  Психология» мамандығы бойынша, психология пәнінен жоғары оқу орындарының арасындағы (бірінші кезең) пәндік олимпиаданың жеңімпаз 2-4 курс студенттері шақырылды. 

 

Олимпиада жеке және топтық түрде, қазақ және орыс тілдерінде өткізіліп, жеке көрсеткіштер бойынша бағаланды. Топ үшін номинациялар қарастырылған.


Олимпиада төрт кезеңнен тұрды:

1 тур. Негізгі пәндер бойынша пәндік тестілеу (жазбаша тапсырма). Жекетапсырма. Олимпиадаға қатысушылардың теориялық білімін тексеру;

2 тур. Практикалық тапсырма «Психодиагностика»: Психологиялық тест мәліметтерінің негізінде клиенттің/пациенттің психологиялық профилін құрастыру (жазбаша тапсырма). Топтық орындау.  Ғылыми және практикалық іскерліктері мен дағдыларын бағалау;

3 тур. «XXI ғасырдағы психолог мамандығы» тақырыбындағы әр команданың жарнамалық бейне роликтерін көрсету. Бұл үй тапсырмасы. Топтықорындау. Қазіргі кездегі психолог мамандығының маңыздылығын және оның даму перспективаларын көрсету қабілетін бағалау;

4 тур. Спорттық форматта отетін Психологиялық викторина «Не? Қайда? Қашан?». Топтық орындау. Психология және психологтар туралы логикалық сұрақтар. Психология саласында атаулы күндерді, атауларды, оқиғаларды білудегі жалпы білімдерін бағалау.

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Елнура Ауталипова жетекшілігімен «Психология» мамандығы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ командасын келесі студенттер құрды:

 

Аты-жөні

Курс/ Мамандық

1

Турлықожа Темірлан Бекетұлы

 

3 курс, 5В050300 - «Психология» (қ/б)

2

Жапаров Эльдар Жанатович

 

3 курс, 5В050300 - «Психология» (о/б)

3

Кулекеева Айсана Ергаликызы

 

3 курс, 5В050300 - «Психология» (қ/б)

4

Кастелбек Гүлмайра Мадиқызы

 

2 курс, 5В050300 - «Психология» (қ/б)

 

Біздің университеттің студенттері психология бойынша жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, барлық турларды сәтті өтіп, өз оқу орнын абыроймен танытты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы «Психология» мамандығы бойынша X Республикалық пәндік олипиадада «Психология мамандығы туралы үздік видеоролик» номинациясының жеңімпазы ретінде құрмет мадақтамамен марапатталды. Жеке көрсеткіштер бойынша «Психология» мамандығының 3 курс  студенті Темірлан Турлықожа  III-орынға ие болып, Министрлік дипломымен марапатталды.

 

Біздің бейнероликті келесі сілтеме арқылы көре аласыздар

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

 




Кері оралу