қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2025

Докторанттардың педагогикалық практикасы басталды


2025 жылдың 6 қазан күні Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 2-курс докторанттарға арналған педагогикалық практикаға нұсқаулық беру іс-шарасы өтті.

Шара барысында докторанттар педагогикалық практиканың мақсат-міндеттерімен, мазмұнымен, өткізілу тәртібімен танысып, тәжірибеден өту күнделігі мен бағдарлама материалдарын алды. Кафедра оқытушылары мен практика жетекшілері докторанттарға әдістемелік нұсқаулар беріп, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Аталған іс-шара докторанттардың кәсіби тәжірибесін арттыруға, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады.



  alt=  

 




Кері оралу