қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2025

«Кел, танысайық студент!» атты ақпараттық-танымдық кездесу


«Педагогика және психология факультет деканатының ұйымдастыруымен 2025/2026 оқу жылына түскен бакалавриат 1- курс білім алушыларымен 2025 жылдың 10 қазан күні «Кел, танысайық студент!» атты ақпараттық-танымдық кездесуі өтті. Кездесуді педагогика және психология факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ақжолова ашты.

Кездесу барысында келесідей мәселелер талқыланды:

 

1. Педагогика және психология факультеті туралы (корпус, деканат құрамы, кафедра және мамандықтар туралы);

2. Abaiuniversity сайтындағы «Академиялық саясат», «Академиялық күнтізбе», «Академиялық адалдық» туралы;

3. «Univer» системасы туралы;

4. Оқу ақысы туралы. Іс-шара барысында 1-курс білімалушылары тарапынан қойылған сұрақтарға факультет әдіскері Ж.Жеткергенова жауап берді.

 


  alt=  

  alt=  




Кері оралу