қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2025

Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі


2025 жыл 22 қазан №186 бөбекжай – балабақшасында «Жасыл балабақша – экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үлгісі» атты қалалық практикалық семинар өтті. Семинар-практикум экологиялық тәрбиені дамытуда - «Жасыл балабақша» жобасының жарқын мысалы болды. Бұл тәжірибе тек бір балабақша үшін емес, жалпы еліміздегі экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қоса алады.

 

Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасы орынбасары: Малгаждарова Бибигуль Тюлепбергеновна, Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы: Сагиева Алия Жолдасбековна, Әуезов аудандық білім бөлімдерінің өкілдері мен балабақша педагогтері қатысты.

 

Тәжірибе алмасуда Алматы облысы «Ұлан» бөбекжай-бақшасының (Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы) меңгерушісі Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна және ұжым мүшелері болды.

 

Қалалық семинарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының PhD., аға оқытушы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы және 2-курс докторант Капсанова Гульмира Бейсеновна «Табиғат қуаты: Мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығына қатысты экологиялық тәжірибелер» тақырыбында баяндама оқыды.

 

№186 бөбекжай – балабақшасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры Манкеш Ақсауле Ерженбайқызы және PhD., аға оқытушы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы. «Жасыл балабақша» тұжырымдамасы: мектепке дейінгі ұйымдарға интеграцияланған экологиялық білім беруді ендіру (ЖТН АР25795211) тақырыбындағы жоба бойынша ынтымақтастықта жұмыс жасауда.

 


  alt=  

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу