қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2018

«Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» фотосуреттер көрмесінің конкурсы

 

2018 жылдың 17 сәуір күні «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігі аясында «Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» фотосуреттер көрме конкурсы өтті. Оған бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының түлектері мен студенттері қатынасты.

 

Конкурстың мақсаты - студенттердің бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына деген қызығушылығын дамыту, оның беделін арттыру, студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

 

Әділ қазылар алқасында болған оқытушылар мен 3-курс студенттеріне күрделі міндет жүктелді. Олар тақырыпқа сәйкес 3 уақыт кезеңі қамтылған және ережедегі барлық талаптар орындалған фотосуреттерді іріктеді.

 

Конкурс қорытындысы бойынша мамандықтың 1993 жылғы түлектері - Гүлбану Садуақас, Тұраш Жүндібаева, Бағдат Маженов 1-дәрежелі дипломмен, 4-курс студенттері - Балнұр Бәден, Клара Әбдірәсіл 2-дәрежелі дипломмен, мамандықтың 1989 жылғы түлектері - Камил Малдыбаев, Дариға Азимбаева 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурсқа қатысушыларға алғыс хат берілді. 1990 жылғы түлектер - Әлімбекова Анар, Қияқбаева Ұлбосын және 1991 жылғы түлектер Лариса Лебедева, Әсел Ақпаева, 4-курс магистранттарының көрмеге дайындаған фотосуреттері де көпшілік назарына ілікті.

 

Конкурсқа жауапты тұлғалар: аға оқытушылар Айдос Абдықадыров, Камил Малдыбаев.

 

         

 

         

 

         

 

         




Кері оралу