қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2018

«XXI- ғасырдың құзыретті мұғалімі» педагогикалық олимпиада

 

Университеттің 90-жылдық мерейтойы аясында 2018 жылдың 5 желтоқсанынды болашақ мұғалімдердің педагогикалық білімдерінің ашық байқауы ретінде «XXI ғасырдың құзыретті мұғалімі» тақырыбында педагогикалық олимпиада өткізілді.


Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Светлана Жұмашеваның жетекшілігімен әр оқу жылы өткізілетін осы олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, кәсіби бағытталған дарынды жастардың қабілеттілігін арттыру; отандық педагогикалық білім берудің озық дәстүрлерін насихаттау болып табылады.


Осы жылғы олимпиадаға қатысушы «математика», «физика» және «информатика» педагогикалық мамандықтарының студенттері Светлана Жұмашеваның бағдарламасы бойынша арақашықтық кезеңінде «Оқу жетістіктері портфолиосын» қорғау және «Жүрегімнің жылуы - балаларға!» эсселер сайысына қатысу арқылы өздерінің кәсіби - педагогикалық бағыттылығын, білімдері мен шығармашылық қабілеттілігін көрсете білді.Екінші кезеңге қатысушы шығармашылық топтардың «Мамандық презентациясын» қорғауы, «Педагогика - біздің өмірімізде» тақырыптық газеттерін ұсынуы да болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Келесі кезеңде олимпиадаға қатысушы топтар теориялық білімдерінің практикалық сынағы ретінде «Мектептің тұтас педагогикалық процесі жағдайында кездесетін түрлі шиеленістер мен қарама - қайшылықтарды шешу жолдары» тақырыбында әр түрлі бағытта педагогикалық квест және кейстер құрастырып, оларға өзіндік шешімдерін ұсыну арқылы өздерінің педагогикалық қабілеттіліктерін, топ басшыларының сайысы ретінде «Педагогика білгірлері» деп аталатын блиц-тур студенттердің педагогикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын айқындады. Отандық және дүниежүзілік педагогикалық классика бойынша өткізілген «Педагогикалық оқулар» сайысында жеңімпаздар анықталды.


Олимпиада соңында марапаттау рәсімі өткізіліп, қатысушылардың құрметіне «Педагог» шығармашылық тобы тақырыптық музыкалық туындыларын тарту етті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу