қазақша · русский · english
 
 
 
04.02.2019

«Мәңгілік ел тұғыры - білімді жастар» семинары

 

2019 жылдың 1 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика» кафедрасы және Алматы облысындағы «Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» (Түрген ауылы) коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы келісім - шарт негізінде «Мәңгілік ел тұғыры - білімді жастар» тақырыбында ғылыми - практикалық семинар болды.

 

Семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д Сәуле Иманбаева , п.ғ.к., доцент Амангүл Орақова, саяси ғ.д., профессор Венера Жексембекова қатысты.

 

«Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу-тәрбие жұмысы ІІ Республикалық педагогикалық оқуда өткізілген конкурсқа қатысып, дипломмен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу