қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2019

Жастарды дамыту - сапалы білім негізі

 

15 ақпанда Педагогика және психология кафедрасының профессор-оқытушылары мен «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық ойын-сауық орталығы бірігіп «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық ойын-сауық орталығы ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-әдістемелік орталығын (бөлім) ашу мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

 

«Дөңгелек үстел» отырысын Сандуғаш Каппасова «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық ойын-сауық орталығының филиал директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары ашты. Отырыстың мақсатымен таныстырды.

 

Сандуғаш Каппасова орталық қызметкерлеріне психологиялық қолдаулар, менеджмент, педагогтер мен ұйымдастырушы ұстаздарға педагогика және психология бойынша қолдаулар, тренингтер, курстар керек екенін және орталықта өтетін семинарлар барысында кафедрадан тренингтер керек екенін жеткізді. Орталықтың жоспарымен таныстырды.

 

Педагогика және Психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербаева өзінің кіріспе сөзінде кафедра жұмысымен таныстырды. Кафедраның шетелдік ЖОО байланысы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын айтты. Психология ғылымдарының докторы, профессор Жамилия Намазбаева жалпы психология бойынша жұмыстарға, рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жұмыстарға тоқталды.

 

Психология ғылымдарының докторы, профессор Оспан Сангилбаев орталық базасында наурыз айында «Күйзелістен арылу» туралы қызметкерлерге курстар өткізуді ұсынды. Зейін туралы сабақтар өтуді және білім беру ұйымында қызметкерлердің денсаулық сақтау саясаты бойынша жұмыстар жүргізуді ұсынды.

 

Тұрахан Жүндүбаева кафедра байланысы бойынша «Академиялық оқыту» жыл бойы өтетінін сол оқуға шетелдік ЖОО келетін профессорлардың дәрістері мен тренингтеріне орталық қызметкерлерін шақыру немесе осы орталық базасында өткізу арқылы қамтуды ұсынды.

 

Өзекті мәселелер талқыланған іс-шара қызықты және нәтижелі өтті. Сондай-ақ ұйымдастырушы ұстаздар мен басшыларға арналған курстар өткізу, семинар кезінде келіп психологиялық шабыттандыру тренингтерін өткізу ұсынылды. Орталық құрылымы бірнеше нұсқада ұсынылып, қатысуылардың пікірі тыңдалды.

 

   

 

  




Кері оралу