қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2019

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті: идеядан моделге дейін

 

25 ақпанда Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі және Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі п.ғ.д., профессор Шәркүл Таубаева магистранттарға, докторанттарға және жас ғалымдарға арналған «Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті: идеядан модельге дейін» тақырыбында ғылыми- әдіснамалық семинар өткізді.

 

Семинардың мақсаты - идеядан моделге дейінгі педагогтың ғылыми-зерттеу жұмыстарына магистранттарды, докторанттар мен жас ғалымдарды даярлау мәселелерін шешу, ол ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін негізгі мәселе болып табылады.


«Ғылыми-зерттеу жұмысы», «іс-әрекет шығармашылығы», «жаңашылдық» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты: іс-әрекет шығармашылығы арқасында ғылыми-зерттеу жұмысы туады, ал жүйелі жүргізілген кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижесінде «ғылыми болжам» туындап, жаңалық ашуға жол ашылады, яғни, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мүмкіндігі кеңейеді. Философиялық әдебиеттерде кез-келген әрекеттің инвариантты циклі төмендегідей жалпынама құрылым беріледі: мақсат - құрал - нәтиже. Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда», - деді Шәркүл Таубаева.


Педагогика және психология институтының директоры п.ғ.докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, п.ғ.докторы, профессор Сәуле Иманбаева, PhD аға оқытушы Әсем Бүлшекбаева, п.ғ. магистрі аға оқытушы Сәуле Еркебаева, п.ғ. магистрі аға оқытушы Сағыныш Ошақпаева зерттеу жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, құнды жауаптар алып, Шәркүл Таубаева арналған ашық тілектерін білдірді.

 

«Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева семинар тақырыбының маңыздылығы туралы айтып, семинарды қортындылады. Қатысушыларға арналған сөзінде бұл ғылыми кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің мазмұндылығымен, жаңашылдығымен есте қалатынын атап көрсетті. Семинар өте жоғары ғылыми деңгейде және жемісті өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу