қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2019

«Армысың әз-Наурыз»

 

Қазақстан халқы үшін Наурыз - көктем мен жаңарудың, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, махаббат пен достықтың мерекесі.

 

«Армысың әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасын 2019 жылдың 19 наурызында Педагогика және психология институтының «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырды.

 

Іс-шараға Педагогика және психология институтының директоры, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Маженов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулен Ыдырысов, кафедра меңгерушісі Айгерім Көшербаева және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Мерекелік кеште қазақтың ұлттық аспаптарымен күйі орындалып,ән шырқалды. Кеш соңында институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді ақ пейіл мен татулықтың символы - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алуды, сонымен қатар Отанымызға - береке, халқымызға - игілік, мемлекетімізге - молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тіледі. Мереке өте жоғарғы деңгейде өткізілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу