қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2019

«Көшбасшылық және менеджмент: теория мен практиканың қазіргі даму тенденциялары»

 

2019 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Көшбасшылық және менеджмент: теория мен практиканыңқазіргі даму тенденциялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылуымен қатысушыларды, сонымен қатар шетелден келген қонақтарды университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева құттықтау сөз сөйледі.

 

Конференцияның мақсаты - көшбасшылық және менеджмент мәселелерін түрлі аспектілерде қарастыра отырып, білім беру саласында стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген жаңа буынның көшбасшы -менеджерлерін дайындау.

 

XXI ғасырда көшбасшылық тұлғаның өзін - өзі басқару, ұйымдастыру, өзін-өзі дамытуы үшін қажетті сапа. Конференцияда жасалған баяндамаларды тыңдай отырып, қатысушылар өз өмірінде және кәсіби қызметтерінде білім беру менеджментін, тайм - менеджмент және стресс-менеджменттің әдістерін тиімді пайдалану, табысқа жету негізі екені туралы қызықты баяндамалар жасалды.

 

Пленарлық мәжілісте Қазақ психологиялық қоғамының президенті, академик Мұқан Перленбетов («Оқыту процесінің психофизиологиялық негіздері»), С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры Уалихан Жумашев («Сүт безінің фондық және обыр ауруларын алдын алу»), Мәскеу қаласындағы Педагогты кәсіби дамыту халықаралық институтының директоры Ольга Коломиец («Ғылыми зерттеудің әдіснамасы: анализ индикаторы»), Оңтүстік Кореяның Донггук университетінің профессоры Намин Шин («4-ші индустриалды революция дәуіріндегі көшбасшылық - білім беру») баяндама жасады.

 

Конференцияның пленерлық және секциялық бөліміне 150 студент, 35 магистрант, 15 докторант және 50 профессор - оқытушылар құрамы қатысты.

 

«Көшбасшылық және менеджмент: теория мен практиканың қазіргі даму тенденциялары» халықаралықғылыми-практикалық конференция Материалдары

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу