қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2019

«Қайырымдылық жасауға асығыңыз» іс-шарасы

 

2019 жылдың 28 қазаны күні Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы аға оқытушы, PhD доктор Әсем Булшекбаеваның жетекшілігімен 6В018 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша 1-курс (орыс бөлімі) студенттері Алматы қаласы, Медеу ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Альфия Ахметшинаның үйіне қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен барып қайтты.

 

Іс-шара барысында студенттер мүмкіндігі шектеулі Альфия Ахметшинаныңкөңіл-күйін көтеріп,үй шаруасына көмектесіп, тазалық шараларын жүргізді, дәріханадан дәрі, дүкеннен азық-түлік әкеліп беріп қайырымдылық жасады.

 

Альфия Ахметшина студенттерге ризашылығын білдіріп оларға оқуда табыс тіледі.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу