қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2021

Халықаралық туризм күні

 

Халықаралық туризм күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және Жаратылыстану және география институтының бірлесіп ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

 

Салтанатты шараны әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашып, барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова «Туризм» мамандығының маңыздылығына тоқталып, шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

 

Шара барысында «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламар бөлімі «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері Үнді, Грузия, Корей, Түркі елдеріне виртуалды саяхат жасап, аталмыш елдердің мәдениетімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер арасында танымдық викториналар мен ойындар ұйымдастырылды.

 

Мерекелік шара аясында туризм мамандығының мәртебесін арттыру және кең насихаттау мақсатында «Young nomad»туристік клубының тұсаукесері өтті. Клуб жетекшілері жас педагогтар Ақбота Бекен, Расул Кудебаев, Мадина Серік туристік клубтың алдағы жоспарларымен таныстырды.

 

Атап айта кететін жайт, аталмыш клуб ашу университетіміздің Стратегиялық жоспарында белгіленген міндеттердің бірі болып табылады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу