қазақша · русский · english
 
 
 
 Таджибай Меруерт Мұратқызы
Жастар шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі

Қазыбек би көшесі, 30/1, 10 кабинет
 8-702-732-37-77
m.tadzhibai@abaiuniversity.edu.kz

 

Жастар шығармашылығы бөлімінің мақсаты - студенттердің рухани мүмкіндіктерін дамыту, білімгерлердің мәдени-рухани қасиеттерін арттыру, студент жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыру. Талантты жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануды, жаңа тың көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.

 

Жастар шығармашылығы бөлімінің міндеті:

- университеттің шығармашылық үрдісін ұзақ мерзімді және ағымдық жоспарлау және іске асуын қамтамасыз ету;

- жауапкершілік, еңбексүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған шаралар арқылы студенттерге тиімді университеттік орта қалыптастыру;

- іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- студенттер бойында эстетикалық және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату;

- университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту;

- жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру;

- шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне, мәдени- іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру.

 

Жастар шығармашылығы бөлімінің қызметі:

- жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік іс-шаралар өткізу;

- студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қызметтер, атап айтқанда зиянды әдеттер, ВИЧ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

- университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру;

- шығармашылық ұжымдардың, би ансамблі, вокалды-аспаптар ансамблі, студиялардың, вокалистердің, студенттер театрының жастарымен жұмыс істеу;

- университет қабырғасында өтетін іс-шараларды музыкалық аппараттармен және жарықпен қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыруға көмектесу;

- тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру.