қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2021

Назарбаев университетімен тәжірибе алмасу


Назарбаев Университетінің (НУ) тәжірибесімен алмасу мақсатында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге НУ Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің және Абай университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің өкілдері қатысты.


Онлайн-кездесуді Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, университеттегі жастар саясаты бағытындағы жұмыстарды таныстырып өтті.


НУ Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Мирас Шарипов еліміздің үздік оқу орнындағы студенттердің өмірі, тұрмысы мен оқудан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.


Өз кезегінде, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова тәрбие, әлеуметтік департамент жұмысының мазмұны, құрылымы және негізгі бағыттары туралы баяндап берді.


Кездесу соңында екі тарап ой-пікірлерімен алмасып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу