Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | ![]()
06.11.2017
ӘСКЕРИ САРБАЗДАРДЫҢ КҮЗГІ БАЛЫ
Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында өзара әріптестік қарым-қатынасты нығайту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және студенттік өмірді қызықты етіп өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 4 қарашасы күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Күз - алтын кезең» атты мерекелік шара болып өтті. Әскери институт базасында өткен бұл шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, С Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 300-ге жуық ару студент-қыздары қатысып, кештің көркін келтірді. Салтанатты шара әскери инстуттың өнерпаз сарбаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасымен басталып, би кешіне жалғасты. ЖОО арасында өзара ынтымақтастықты қалыптастураға бағытталған бұл шара студент-жастарымызға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|