қазақша · русский · english
   

 

  

  

 


 

Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесінде «Нұр-Әлем» Ұлттық павильонында «Жасампаздық энергиясы» қазақстандық экспозициясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Көмірсутектік газ қоспасын бөліп алуға арналған құрылғы» атты инновациялық жобасы ұсынылды. Жоба жетекшісі:  ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Косов Владимир Николаевич.

Автордың бөлу әдісі газ қоспаларында пайда болатын диффузиялық тұрақсыздыққа негізделген. Ұсынылған тәсіл газ қоспаларын бөлудің жоғары технологиялық және экологиялық қауіпсіз әдісі болып табылады.


Құрылғының өнімділігі үздіксіз тазалау үдерісі, масштабталулғы және басқа бөлгіш құрылғылармен үйлесуі арқылы анықталады.


Авторлық технологияны пайдалану көмірсутекті бөлу үдерісінің күрделілігін едәуір қысқартуға, энергия тиімділігін арттыруға және табиғи газды өндіру, тасымалдау және өңдеу саласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Жоба туралы мәліметті толығырақ келесі жарияланымнан көруге болады:

http://www.kazpravda.kz/fresh/view/kommercheskii-produkt-iz-razdeleniya/ 

http://pricom.kz/?p=66724

http://almaty-akshamy.kz/2017/08/03/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D2%B1%D0%BF%D1%83-%D2%B1%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D1%8B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96-%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D1%8B/

http://mysl.kazgazeta.kz/?p=9851

 

 

                               

 

                               


                               

 

2017 жылы қаржыландырылған жобалардың негізгі нәтижелері

 

Бюджеттік бағдарламалар бойынша
Абай атындағы ҚазҰПУ 2016 жылы жалпы сомасы 135 млн 202 мың 131 теңге көлемінде 17 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылды, соның ішінде:
1. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде негізгі зерттеу тақырыптары бойынша жалпы сомасы 109 826 643 тг көлеміндегі 13 жоба; - 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы; 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасы. Басымдылықтар: «Елдің интеллектуалды потенциалы», «Табиғи ресурстарды үнемді қолдану, шикізат пен өнімдерді жасап шығару»
2. ҚР БҒМ мақсатты қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде жалпы сомасы 23 770 488 тг көлеміндегі 2 жоба;

3. Шаруашылық шарт бойынша 2 жоба 1 605 000 тг;
Қаржыландырылған жобаларды іске асыруға 97 зерттеуші, соның ішінде 32 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 философия докторы, 21 магистр, жалпы жүзеге асырушылардың 75,25% ғылыми дәрежелері бар. 35 жасқа толмаған жас ғалымдар 20 адам (20,6%).
2016 жылғы ҚР БҒМ қаржыландырылған жобалар бойынша 240 еңбек басылып шығарылды. Соның ішінде - 19 монография, 3 оқу құралы, 13 мақала нөлдік емес импак-факторы бар журналдар, Thomson Reuters пен Scopus индексіндегі.


2016 жылғы жобалардың негізгі нәтижелері


2015 жылы 20 ғылыми жоба орындалды, қаржылық көлемі 164 млн 899 мың 008 теңгені құрады. Оның ішінде 18 жоба ҚР БҒМ гранты есебінен. Жалпы сомасы 143 439 008 теңге, 1 жоба Ғылым қорының бағдарламалық қаржыландыру негізінде жүзеге асты. Сомасы 21 160 000 теңге, 1 шаруашылық келісім-шарт негізінде жүргізілді. Сомасы 300 000 теңге. 

Осы аталған жобалардың ішінде 37 % жоба жаратылыстану ғылымына, 21% әлеуметтік ғылымға; 37% жоба педагогика мен білім саласына; 5% - жоба энергетика саласына тиесілі.
Зерттеудің негізгі нәтижелері баспа түрінде ұсынылды. 2015 жылғы ғылыми жобалар бойынша 9 монография, 4 оқу-құралы, 4 электронды әдістемелік құралдар, 32 ғылыми мақала импакт-факторда, 26 мақала ҚР БҒМ БҒСБ журналдарында, 76 мақала мен тезистер ҚР ғылыми жинақтарында, 56 мақала мен тезистер алыс шетелдерде, 34 мақала жақын шетелдерде жарық көрген. Жоба бойынша орындаушылар тарапынан барлығы 241 жарияланым жарияланды. Соның ішінде 5% университеттің ПОҚ құрамын құрайды.

 

Педагогика мен білім беру салаларында жасалған жобалардың негізгі нәтижелері келесі жетістіктерді көрсетеді

 

2015 жж. шетелдік серіктестердің қатысуымен және Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының қатысуымен ғылыми жобалар жүзеге асырылды

 

ҚР БҒМ-ның ғылыми жобалары

2015 жыл ішіндегі ҚР БҒМ-нің ғылыми жобалары

2014 жыл ішіндегі ҚР БҒМ-нің ғылыми жобалары

2013 жыл ішіндегі ҚР БҒМ -нің ғылыми жобалары

2012 жыл ішіндегі ҚР БҒМ -нің ғылыми жобалары

2009-2011 жылдар аралығындағы ҚР БҒМ-нің ғылыми жобалары

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры грантының университетішілік ғылыми жобалары

2010 жыл (4)

2011 жыл (5)

2012 жыл (6)

2013 жыл (7)

2014 жыл (8)