қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Айжанова Гүлнара Қойшыбайқызы

Айжанова Гүлнара Қойшыбайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Гурьев қаласында (қазіргі Атырау қаласы) дүниеге келдім. 1989 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Гурьев педагогикалық институтын бітірдім.

1992 - 1997 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика және психология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істедім.

1997-2000 ж. күндізгі аспирантурада оқыдым.

2002 ж. диссертациялық кеңесте Абай атындағы педагогикалық университетте 13.00.08 - Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғадым.

2002 - 2009 ж. «Қайнар» университетінде жұмыс істедім, педагогика және жалпы кәсіби пәндер кафедрасының доценті, сонымен қатар аспирантураның меңгерушісі болдым.

2003 жылдан 2010 жылға дейін 13.00.08 - Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 11 диссертацияға оппонент шықтым.

2009 жылдан 2016 жылға дейін Алматы экономика және статистика академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істедім.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогика және психология кафедрасының доценті болып жұмыс істедім.

БІЛІМ

 

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Ақтөбе педагогикалық колледжі

балабақша тәрбиешісі

1984

Х.Досмұхамедов атындағы Гурьев педагогикалық институты

Педагогика және мектепке дейінгі психология оқытушы. Мектепке дейінгі тәрбие әдіскері

1989

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университеті

күндізгі аспирантура

13.00.08 - Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі

2000

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогикалық ғылымдар

2002

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Жалпы психология, педагогика, Жас ерекшелігі педагогикасы, Даму психологиясы, Білім беру психологиясы, Тұлға психологиясы

Магистратурада:

Білім беру мекемелерінде комеркерлірде басқару және тайм-менеджмент, Толеранттылық педагогикасы, Білім берудегі менеджменттің теориялық негіздері, Мәдениетаралық менеджмент және т.б.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті арқылы; 2) Ақтөбе облысындағы «Туған Өлке».

3 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді: 1) «Туған Өлке» энциклопедиялық анықтама. Ырғыз ауданы. Энциклопедиялық анықтама»(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); 2) «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты бойынша социологиялық және аналитикалық зерттеулер»(орыс тілінде); 3) «Қазақстан республикаларының тіл саясаты мәселелер боынша әлеуметтік жане аналитикалық зертеу»

Соңғы 5 жыл ішінде 38 мақала жариялады, оның 15 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, 2 SCOPUS тізіміндегі журналда.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ -11 оқу-әдістемелік құрал, оның 5 электронды басылым.

 

МАРАПАТТАРЫ

 


← Кері оралу