қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Амандосова Мадина Иргашовна

Амандосова Мадина Иргашовна


Қысқаша өмірбаяны

1991 жылы 9 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында дүниеге келдім. 2009 жылы Бурыл ауылындағы орта мектепті бітірдім. 2013 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша бітірдім. 2013-2015 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Тарих» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. 2015-2018 жж. академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының докторанты болдым.

2018-2019 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Тарих» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істедім. 2019 жылдан бастап Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысымын. 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих бакалавры

2013

Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті

Тарих магистрі

2015

Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті

докторант

2018

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Қазақстан тарихы

Қазақ қоғамының күнделікті тарихы

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы

Цифрлық практикум: медия

Цифрлық практикум: анимация.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Магистрлік диссертация тақырыбы: «Ақ жол» газеті Қазақстанның мәдени-қоғамдық өмірінде (1920-1925 ж.ж.)

Докторлық диссертация тақырыбы: Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетіндегі қазақ студенттері (1921-1938 ж.ж.)

1. Шығыс еңбекшілерінің коммунстік университеті оқу бағдарламаларының ерекшеліктері. ҚР ҰҒА Құрметті академигі, т.ғ.д., профессор Талас Омарбековтың 70 жылдығына арналған «Қазақ тарихына жаңа көзқарас» ғылыми-теориялық конференция , Алматы, 2018 ж. ISBN 978-601-04-3444-8. 284-288 бб.

2. Роль Коммунистического университета трудящихся востока в подготовке кадров для Казахстана. IV International Scientific and Practical Conference «Social and Economic Aspects of Education in Modern Society», Варшава, 2018 ж. 3 том. ISBN 978-83-950180-3-9 . 16-19 бб.

3. Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетіндегі қазақ Студенттерінің материалды-тұрмыстық жағдайы. V Халықаралық Түркі əлемі зерттеулері симпозиумы материалдары.11-13 қазан 2018. 2 том., 278 - 283 бб.

4. «Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінің құрылымы мен жұмыс бағыты». ҚазҰПУ хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2019 ж. №1. ISSN: 1728 -5461. 473-478 бб.

5. COMMUNIST UNIVERSITY OF TOILERS OF THE EAST AS A TOOL FOR REFORMATTING THE CONSCIOUSNESS OF KAZAKH WOMEN. Scientific Collection «InterConf», (120): with the Proceedings of the 1-st International Scientific and Practical Conference «Recent Advances in Global Science» (August 16-18, 2022). Vilnius, Lithuania: Vaiga, 2022. 261 p. ISBN 978-609-440-532-7. 168-180 pp.

 

 


← Кері оралу